Академиялық саясат


  БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНА КЕПІЛДІК ЖҮЙЕСІ



Pdf көрінісі
бет33/34
Дата22.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#51706
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Академиялық саясат

1.30. 
БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНА КЕПІЛДІК ЖҮЙЕСІ 
1.30.1. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім сапасына кепілдік жүйесі жоғары білім 
беру сапа кепілдігінің Еуропалық Қауымдастығының (ENQA) Еуропалық стандарттары 
мен директиваларына негізделеді; 
1.30.2. 
Университет білім беру сапасына кепілдік саясаты және ұсынылатын білім 
беру қызметтері сапасының талап етілетін деңгейін анықтайтын және оның жетістігін 
қамтамасыз ететін сапа менеджменті жүйесі бойынша құжатталған процедураларға ие; 
1.30.3. 
Университетте білім беру қызметінің сапасын бағалау және мониторингті 
аккредиттеу Орталығы жүзеге асырады; 
1.30.4. 
Аккредиттеу жөніндегі халықаралық және ұлттық агенттіктермен өзара 
әрекеттесу және университеттік білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту бойынша 
институционалды және мамандандырылған аккредиттеу шараларын Аккредиттеу және 
лицензиялау қызметі жүзеге асырады; 
1.30.5. 
Аккредиттеу - білім беру сапасын қамтамасыз етудің негізгі құралы; 
1.30.6.
Аккредиттеу – бұл оқу сапасы мемлекеттік орган тарапынан емес, арнайы 
эксперттік топ тарапынан (оның ішінде академиялық бірлестіктер, жұмыс берушілер
студенттер және кәсіби ассоциациялар) бағаланатын ерекше процедура.
1.30.7. 
Университет Еуропалық стандарттар мен сапа кепілдігі бойынша 
ұсынымдарға сәйкес білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету үшін 
халықаралық аккредиттеу арқылы сыртқы сапа бағалауларын жүргізеді. 
1.30.8. 
Білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту үшін университет 
халықаралық және ұлттық аккредиттеу агенттіктерімен және ұйымдарымен белсенді 
қарым-қатынас жасайды, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша іс-шараларды 
жоспарлайды және жүзеге асырады. 
1.30.9. 
Университет халықаралық аккредиттеуді халықаралық бедел мен 
серіктестіктің жақсару құралы ретінде, сонымен қатар университеттің бітірушілеріне ішкі 
және сыртқы нарықтарда жұмысқа орналасуда жеңілдіктер беретін сыртқы еңбек 
нарығымен берік қатынасты құру механизмі ретінде қарастырады. 
1.30.10. 
Университеттің халықаралық аккредиттеу агенттіктеріндегі сәтті 
аккредиттелген білім беру бағдарламаларының үлесі кем дегенде 90 пайызды құрауы керек. 
1.30.11. 
Университет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың даму Стратегиясы аясында 
білім сапасын көтеру стратегиясын жасайды және жүзеге асырады. 
1.30.12. 
Университет әкімшілігі, ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушылары 
академиялық саясат және бекітілген стандарттар, ережелер, рәсімдер мен регламенттер 
талаптарын ұстануға міндетті.: 

ғылыми-білім беру процесін ұйымдастырумен; 

ғылыми-білім беру процесін жүзеге асыру (оқыту және аттестаттау процестерін қоса 
алғанда); 

білім алушыларды қабылдау; 

ПОҚ мен қызметкерлерді іріктеу және жалдау; 

білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сараптау және бекіту; 
-
ғылыми білім беру процесін ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз 
ету; 

университетте ғылыми білім беру үдерісін жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты 
мониторингілеу және талдау; 

сыртқы және ішкі стейкхолдерлермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; 

университетте ғылыми білім беру үдерісін жүзеге асыру барысы туралы 
жұртшылықты хабардар ету.
1.30.13. 
Оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін әр факультетте сапа жөніндегі 


48 
комитеттер құрылады, олардың құзыретіне білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске 
асыру сапасының мониторингі, бітіруші кафедраларға және факультеттің Ғылыми кеңесіне 
әдістемелік ұсыныстар беру кіреді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет