1.29. КЕРІ БАЙЛАНЫС 1.29.1.
Университет кері байланысты білім беру процесінің сапасын қамтамасыз
етудің және білім алушылардың қанағаттанушылығын қамтамасыз етудің ең тиімді
механизмдерінің бірі ретінде қарастырады. Кері байланыс университет тарапынан білім
беру сапасын қамтамасыз етудің және білім алушылардың қанағаттанушылығын
қамтамасыз етудің ең тиімді механизмдерінің бірі ретінде қарастырылады.
1.29.2.
Университетте нәтижелері білім беру қызметін талдау және ЖОО-да ғылыми
білім беру үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру және түзету бойынша шараларды әзірлеу
үшін пайдаланылатын зерттеулердің бірнеше түрлерін қамтитын білім беру қызметінің
мониторинг жүйесі тұрақты негізде жұмыс істейді:
1)
«Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамасы – жыл сайын күзгі және көктемгі
семестр қорытындысы бойынша өткізіледі;
2)
«Курстардың тиімділігін бағалау» сауалнамасы – курс аяқталғаннан кейін
жүргізіледі;
3)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерінің «Өз Alma Mater-іңді қолда» әлеуметтік
сауалнамасы – жыл сайын өткізіледі;
4)
QS University Rankings Methodology (Student Satisfaction) әдістемесі негізінде
«Студенттердің қанағаттануын бағалау» сауалнамасы – жыл сайын өткізіледі;
5)
«Оқытушы әріптестердің көзімен» оқытушылар сауалнамасы – жыл сайын
өткізіледі;
6)
«Куратор-эдвайзер студенттер көзімен» сауалнамасы – жыл сайын өткізіледі;
7)
«Бірінші курс студенттерінің әлеуметтік бейімделуі» сауалнамасы – жыл сайын
өткізіледі.
1.29.3.
Зерттеулер шеңберіндегі негізгі бағалар 5 балдық шкаланы пайдалануды
көздейді («1» – ең кіші мән – «5» – ең үлкен мән).
1.29.4.
Сауалнамалар университеттің барлық құрылымдық бөлімшелері бойынша
сараланған нәтижелер мен есептік материалдарды қалыптастыру мүмкіндігін көздей
отырып, «УНИВЕР» корпоративтік жүйесі арқылы жүргізіледі.
1.29.5.
Сауалнаманы ұйымдастыру және нәтижелерді өңдеуді университеттің
Әлеуметтік зерттеу орталығы жүзеге асырады.
1.29.6.
Университеттің білім алушыларының, ОПҚ және қызметкерлерінің
сауалнамаға қатысуы ерікті болып табылады.
1.29.7.
Басқалардың логиндерін пайдалану арқылы онлайн сауалнамаға қатысуға
жол берілмейді және академиялық адалдық ережелерін бұзу деп есептеледі.
1.29.8.
Білім алушылар, ОПҚ және университет қызметкерлері кез келген уақытта
жауапты тұлғалардың атына ауызша немесе жазбаша өтініштер арқылы университетте
ғылыми білім беру процесінің ұйымдастырылуы мен сапасына байланысты кез келген
мәселелер бойынша өз ескертулерін, шағымдарын және ұсыныстарын жолдауға құқылы.
1.29.9.
Өтініштерді қарауды белгіленген тәртіппен уәкілетті лауазымды адамдар
немесе комиссиялар және кеңестер жүзеге асырады. Университеттің білім алушыларының,
ОПҚ және қызметкерлерінің өтініштерін уәкілетті лауазымды тұлғалардың елемеуі
қызметтік міндеттерін орындамау ретінде бағаланады және Университет басшылығы
47
тарапынан әкімшілік сипаттағы шараларды қолдануға негіз бола алады.