Фрейдизм. Бұл – Австрия ғылымы З.Фрейд (1856 -1939) есіммен аталатын бағыт.
Зерттеу ілімі
психоанализ деп аталады.
ХХ ғасырдың 30 – 40 жылдарында капиталистік елдерде бихевиоризмнің психология
ғылымының даму тарихында өзіндік бағыт – бағдары жəне ғылыми маңызы бар
когнитивтік бихевиоризм (адамның ішкі дүниесін зерттеп, танып білу),
гипотезалық –
дедукциялық бихевиоризм (психологияның даму қисынын зерттеу),
операнттік
бихевиоризм жəне
неофрейдизм тəрізді жаңа бағыттары пайда болды. Неофрейдизм
(көрнекті өкілі – Х.Корни, 1885 - 1953) – биологиялық еліктеудің əлеуметтік
факторлармен байланысын психологиялық тұрғыдан зерттесе, ал американ психологы
Курт Левин (1890 - 1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы
адамдардың өзара қарым – қатынасын қарастырып, “өріс” теориясын жасады. Бала ақыл –
ойының дамуын, оның ойлауы мен сөйлеуін т.б. мəселелерді бір жүйемен қарастырған
біздің заманымыздағы көрнекті психолог маман – швецариялық Жан Пиаже (1896 - 1980).
Достарыңызбен бөлісу: