Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН



Pdf көрінісі
бет31/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80
Психикалық құбылыстар. 
Психикалық құбылыстардың негізгі формалары. 
1. Психикалық процестер. 
Психикалық процестер-дегеніміз айналадағы заттар мен құбылыстардың адам 
миында түрліше бейнеленуі олар: 
- танымдық – зейін, түйсіну, қабылдау, ойлау, есте сақтау, сөйлеу. 
- эмоционалды – сезім жəне эмоция. 
- Еріктік – ерік. 
2. Адамның психикалық білімі: 
- білім, іскерлік, дағды, əдет, көзқарас,, сенім, пікір. 
3. Психикалық қасиеттер. 
Психикалық қасиеттер-дегеніміз адамның жеке басына тəн даралық ерекшеліктері. 
- бағыттылығы немесе бағыт-бағдары. 
- Мінезі, темперамент, қабілет. 
4. Психикалық жағдайы. 
Жүйке жүйесінің құрылымы. 
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оны білу ми мен 
психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы 
мен қызметі жайындағы мəліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызиеті жəне 
оның заңдылықтары-психология ғылымының табиғи-ғылыми негізін құрайды. Жануарлар 
мен адамдардың психикалық əрекетінің материалдық негізі-мидың жəне оның 
бөліктерінің құрылысы екендігі тəжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан 
анықталған. 
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы 
əсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Түрлі дене мүшелерінің, клеткалардың 
қызметін, зат алмасуы мен қан айналымын реттеп, сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделіп 
отырады. 
Жоғары жүйке жүйесі типтері. 
И.П.Павлов жүйке жүйесі қызметі типтерін 1 жəне 2 сигнал жүйесіне қарай 3 типке бөлді. 


1. ойшыл тип (мыслительный) 
2. көркем тип (художественный) 
3. орташа тип (средний тип). 
1. Ойшыл тип. Екінші сигнал жүйесі қызметінің ролі басым, абстрактылы ойлауға 
бейім, прагматик, рационалист ғылыми шығармашылық жұмыстарға жəне 
болжауға қабілетті қазіргі терменология бойынша мидың сол жақ жарты шарлары 
қызметіне қарай психотин. 
2. Көркем тип. Негізгі қызметіне 1-ші сигнал жүйесі атқарады. Бейнелі – 
эмоциональды ойлайды, айналадағы дүниені тұтас, сол күйінде қабылдайды. 
Қабылдаудың тұрақтылығы, өткірлігі, байқағыштығы, тұтастығы, əсемдігі тəн. 
Мидың оң жақ жарты шарлар қызметіне қарай психотин. 
3. Орташа тип. 1-ші, 2-ші сигнал жүйесі қызметтері теңбе-тең. Белгілі бір жағдай, 
ситуациясына қарай екі сигнал жүйесі де бейім келеді. Көптеген адамдар осы 
типтің қатарына жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет