Кеңестік психологияның дамуы. Ресейде психологиялық ой – пікір, негізінен, екі түрлі бағытта өрістеді. Оның бірі –
бостандық жолындағы жалпы халықтық қозғалыстағы сана – сезімнің дамуы, екіншісі –
ресми идеология. И.М.Сеченевтың “Бас миының рефлексі” деген еңбегі Ресейдегі
психология ғылымының дамуы үшін жартылыстық – ғылыми негіз болды, сөйтіп,
материалистік психологиялық ой – пікірдің дамуына күшті ықпал етті. Сонымен қатар,
Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде Г.И.Челпановтың (1862 -1936), кеңестік кезеңде В.М.
Бехтеревтің
(1857
-
1927),
И.П.Павловтың
зерттеулері,
Н.Е.Введенский
мен
А.А.Ухтомскийдің рефлекске байланысты ашқан жаңалықтары психологияның табиғи –
ғылыми негізін одан əрі өрістетуге жол ашты Кеңестік дəуірде психология ғылымының
іргесін қалауға П.П.Блонский, В.Я.Струмлинский, К.Н.Корнилов, Б.М.Теплов т.б. үлес
қосты. Психика дамуын əлеуметтік тарихи – мəдени теория тұрғысынан зерттеп, көптеген
еңбек жазған Л.С. Выготский (1896 - 1934), іс - əрекет психологиясының мəселелерін
зерттеген С.Л.Рубинштейн (1887 - 1960), А.Н.Леонтьев т.б. еңбектері бұл ғылымның
методологиясы мен принциптерін жаңа сипатта дамуға бағдарлады. Қоғамның тарихи
даму мұқтаждығының, экономика мен идиологияның, мəдениеттің өрістеуіне сəйкес
кеңестік дəуірде психологияның түрлі салалары мен тармақтары дамып, жеке – жеке
ғылыми пəнге айналды. Соның нəтижесінде тəлім – тəрбие психологиясының даму
қарқыны мен оның қамтыған мəселері əр алуан болды.
Қазақстанда психология ғылымының даму жолы. Психология ғылымына тікелей қатысты болмағанымен, адамның жан дүниесі
жөніндегі пайымдаулар мен ой – пікірлер Қазақстанда өте ерте кездерден бастау алып,
ХV – ХІХ ғасырдағы қазақ халқы ғұламаларының, ағартушы – демократтарының
туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Одан бұрынғы дəуірлерде ақын –
жыраулардың өлең – толғауларында, билердің шешендік сөздері мен халықтық нақылдар
да, ел намысын қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесінің
жұмбақтарына терең бойлап, болашақ ұрпаққа тағылым берерлік мол рухани қазына
жатқандығын қазіргі кезде əр тарапты зерттеліп, белгілі жүйеге келтірілуде.
Аса көрнекті ғалым Ш.Уəлиханов шығармаларында халықтың рухы оның таным –
наным түсініктерімен тығыз ұшырастырылады. Ы.Алтынсарин еңбектері этникалық жəне
балалар психологиясының қыр – сырына толы болды. Абай туындылары да туған
халқының жан дүниесіне тəн қарапайым сезімнен бастап кемеңгерлік ақыл – ой шыңына
дейінгі мəселелерді қамтиды. Ал Сұлманмахмұт Торайғыров жан мен тəн ылғи да
бірлікте, байланысты болады деген орынды сөз қалдырды. Психологиялық ой – толғаулар
мен пайымдау – түсініктер Шəкəрім Құдайбердіұлы мен өзге де ағартушы –
демократтарда, ақын – жырауларда көп кездеседі.
Кеңестік кезеңде де Қазақстандағы психология ғылымының өрісі кеңейіп, халыққа
білім беру, тəлім – тəрбие істерінің мақсат – міндеттерімен сабақтасты. Жүсіпбек
Аймауытовтың “Психология” оқулығы мен “Жан жүйесі жəне өнер таңдау” деген
туындысы – психология пəні бойынша таза ана тілімізде жазылған алғашқы еңбек. 1920 –
1930 жылдары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатовтардың оқу – ағарту, тəлім –
тəрбие істерімен өзара ұшырастырылған ұлттық сипаттағы психологиялық ой – пікірге
толы мəнді еңбектер жазды. С.Балаубаев, Т.Тəжібаев, М.Мұқанов, А.Темірбеков,
Ə.Ситдықов, Е.Суфиев тəрізді психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген
мəселелері, тақырыптары сан алуан. Қазақстандағы психология ғылымы сан – салаға
тарамдалып, қанатын кеңінен жайып өркендеп келе жатқан ғылыми пəндер қатарына
жатады.