Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН



Pdf көрінісі
бет35/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80
Тұлғаның əлеуметтенуі. 
Тұлғаның əлеуметтенуі-ол адамның əлеуметтік-психологиялық, нормалар мен 
ережелер, қызметтерімен қоғамдық іс-тəжірибелерді игеру.Тұлғаның əлеуметтенуі жеке 
адамның материалдық, рухани мəдениеті мен əлеуметтік жəне жеке адамдар қарым-
қатынасының белгілі-бір нақты орта мен оның өмірі мен іс-əрекетінде тоқтаусыз дамитын 
ұзақ та күрделі процесс. 
Тұлғаның əлеуметтенуі процесінің бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Біріншіден, 
адам 
əлеуметтік 
тəжірибені 
игереді, 
интериоризация 
процесі 
(субъективация, 
объективность). Екіншіден адам жеке басына тəн қасиеттерді меңгереді. Экстеиоризация 
процесі – (объективность субъективация) əлеуметтану процесінде жеке адамның білімдер 
жүесі дамиды. Жеке адамның əлеуметтенуінің дамып, қалыптасуында өзара байланысты 
процестер. 
1. жеке адамның жалпы əлеуметтенуі – адамның қоғамдық жүйеден нормалар ережелер 
мен адамгершілік сапалы қасиеттері, эстетикалық, саяси, құқықтық, діни т.б. қалыптасуы. 
2. жеке адамның кəсіптік рольдік əлеуметтенуі – кəсіптік қызмет пен оның 
міндеттерімен, ерекшеліктерін қарым-қатынасын меңгеру. 
1. кəсіптік əлеуметтену – мамандық ерекшеліктерін толықтай меңгеру. 
Іс - əрекет психологиясы. 
Іс-əрекет негізгі психологиялық категориялардың бірі. Іс-əрекет адамның мақсат-
мұраттарын орындауда ортамен белсенді қарым-қатынасы жəне қажеттілігі мен 
мотивтердің нақты түрлерінің пайда болуы. 
Іс-əрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы: ақыл ой тереңдігі, қиялдау қабілеті 
мен ерік-жігері мен мінез-құлқы дамиды.Іс-əрекет барысында сана қалыптасады жəне іс-
əрекеттен көрініс береді. Іс-əрекет əлеуметтік категория.Ортақ мақсат үшін біріккен жəне 
белгілі бір қоғамдық міндетті атқаратын əрекеттер жиынтығы Іс-əрекет іс-əрекет деп 
аталады. Іс-əрекет адамның өмір жолын анықтайды. Психика мен іс-əрекет арасында 
күрделі арақатынас бар. Бір жағынан, психика іс-əрекет барысында қалыптасады жəне 
көрініс береді, екінші жағынан психика іс-əрекетті реттеп, басқарып отырады. 
Іс-əрекеттің 3 түрі бар. Ойын, оқу, еңбек.Олардың арасындағы айырмашылық – 
қорытындылары, ұйымдастырылуы, мотивтерінің ерекшелігімен ажыратылады. 


Ойын баланың үлкен адам дүниесін бейнелеу, айналадағы дүниені тану жолы.Ойын 
арқылы бала айналадағы дүниемен, зат, құбылыстарды таниды, таным əрекеттері 
(қабылдау, ойлау, қиял, сөйлеу т.б.) дамиды, есте сақтау т.б. қарым-қатынасты үйренеді. 
Мектепке дейінгі балалар ойынына оқу, еңбек элементтерін меңгереді, мінез-құлық, 
қасиеттері қалыптасады. 
Оқу дегеніміз еңбек əрекеттерін орындауға қажетті білімді, дағдыны жəне білгірлікті 
игеру процесі оқу əрекеті арқылы адамның дүниетанымы жəне барлық жан-жақты 
қасиеттері дамиды, дүниедегі барлық құбылысты танып-біледі т.б. 
Еңбек дегеніміз адамдардың материалдық жəне рухани қажетін қанағаттандыратын 
қоғамдық іс-əрекет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет