Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН



Pdf көрінісі
бет38/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
 Сананың түрлі қалыптары. 
Адамның санасы екі түрлі жағдайда болады (два состояние сознание). 
1. Ұйқылы жағдайы – демалу кезеңі. 
2. Сергектік кезеңі. 
Адам организмі қызметі 16 сағат сергектігімен 8 сағат ұйқымен (ауысып) кезектесіп 
отырады.Бұл 24 сағаттың цикл ішкі бақылау механизмін басқару немесе биологиялық 
сағат деп аталады. 
1. Сергектік жағдай – сананың белсенді жағдайы, организмнің белсенділігі. Яғни 
сыртқы ортадан келген сигналдарды талдап бейнелеп отырады немесе организмнің 
сыртқы ортаға бейімделуі. 
2.Ұйқы – организмнің толық демалысы, жəне күш жинау. 
Адамның психологиялық қорғаныс механизмдері. 
Психологиялық қорғаныс, адамның табиғи қалыпты болмысына тəн құбылыс. 
Психологиялық қорғаныс қызметі мəн – мағынасы бойынша қарама – қарсы екі тарапты 
құбылыс: бір жағынан, адамды өзінің шын мəніндегі ішкі жан дүниелік болмысына сəйкес 
болса, екінші жағынан, адамның қоршаған сыртқы əлеуметтік ортаға деген икемділігін 
кемітеді. 
Қорғаныс механизмдері белгілі бір іс - əрекеттің қалыпты шарттары мүмкін болмаған 
кезде немесе адам істің толық бітпейтінін сезген кезде əрекетке келеді. Психологиялық 
қорғаныс түрлері: ауыстыру, оқшаулау, жоққа шығару, ығыстыру, көшіру, сəйкестендіру, 
жаңалау 
Жеке адамның өзіндік «мен» бейнелері. 


Адам іс-əрекет – қылығы барлық уақытта оның өзі жайлы ұғымы мен бейнесі жəне 
болашақтан күткен бейнесімен байланысты Əрбір тұлға сан қырлы өз «Менін» түрліше 
ұғынады жəне түсіндіреді. Мысалы: қазіргі «мен», болашақтағы «мен», идеал «мен», 
қызметтегі «мен» т.б.Бұл мəселені зерттеуші ғалымдардың бірі И.С.Кон былайша 
түсіндіреді: «Əрбір адамның өзін өзі іс-əрекет субьектісі ретінде тануға көмектесетін 
психикалық процестердің жиынтығы -өзіндік сана деп аталады,ал оның өзі жайындағы өз 
ұғымдары белгілі бір «Мен» бейнесін 
құрайды». 
«Меннің» психологиялық мəнін А.Г.Спиркин былай сипаттайды: «мен» түсінігі өз 
санасының нұрымен сəулелендіріп,өзін-өзі қабылдаған ,таныған жəне сезген жеке адамды 
білдіреді». «Мен» - психикалық өмірді реттеп беруші принцип,өзіндік бақылауды 
жүргізуші рухани күш;бізді өз мəніміз бойынша бүкіл əлемге,қоршаған адамдарға,ең 
бастысы, өз санамызды өз бағалауымыз бен танымымызға орай өзімізге ашып беретін əр 
адамның тұтастай болмысы. 
«Мен» бейнесінің сəйкестік дəрежесі жеке адамның өзінің өз болмысын, 
мүмкіндіктерін,басқа адамдар арасындағы өз беделін бағалай алуына байланысты
болады.Өзіндік бағаға сəйкес адам өз əрекеттерін реттеп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет