Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН


№ 15 дəріс  Тақырыбы: Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасы



Pdf көрінісі
бет57/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80
№ 15 дəріс 
Тақырыбы: Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасы. 
Дəріс мазмұны: 
1. Топтар классификациясы. 
2. Топтағы əлеуметтік психологиялық ахуал. 
3. Ұжымды басқарудың əлеуметтік жəне психологиялық мəселелері. 
4. Адамдар арасындағы жанжал түрлері (конфликт). 
Мақсаты: Топ,топтың түрлерімен таныстыру. Топтағы əлеуметтік психологиялық ахуал 
жəне ұжымды басқарудыңəлеуметтік жəне психологиялық мəселелерімен адамдар 
арасындағы жанжал түрлерінің туындау себептерін түсіндіру. 
Топтың əлеуметтік психологиялық жағдайы. 
Жеке адам басқа адамдармен тікелей қарым-қатынаста болып, өзінің əлеуметтік мəнін 
жүзеге асыруда бір-бірімен тығыз байланысты топтарда болады. Топтың түрлері: 


1 .Қалыптаса бастаған өзара қатынастар еркіне қарай шағын жəне бастапқы топтар 
болады. 
2. Құрылу принципі мен əдісіне қарай шартты жəне нақты, формалды жəне формалды 
емес топтар болады. Адамдардың уақыт жəне кеңістік белгілері негізінде топтардың 
қалыптаса бастауы – ассоциация деп аталады. Мысалы: 1 курс, 1 класс. Ассоциация 
күрделі қауымдастық корпорацияға айналады. Корпорация адамдардың өзара тұйық 
бірлестігі 
Ұжым ол қоғамда, қызметте ортақ мақсатқа біріккен, психологиялық тұрғыда топтасқан 
адамдар тобы. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі адамдардың 
ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, əрбір ұжым мүшесінің көңіл-
күйі, сергектігі, болашақ мақсат-мүддесі əлеуметтік психологияда өзекті мəселе ретінде 
жеке қарастырылады. Бұл мəселе ұжымдық мүдде деп (аталады) саналады. 
Адамдардың қоғамдық жұмыс түрлерінде еңбек өкімділігін арттыруы, олардың жасаған 
жұмыстарына саналы түрде жауапкершілікпен қарауы, ең алдымен, сол ұжымда 
қалыптасқан əлеуметтік- психологиялық ахуал орнатуы қажет.Екіншіден, іскер 
адамдардың əлеуметтік белсенділігі мен қоғамдық санасын өрістету үшін əрбір 
қызметкер, жұмысшы мен жетекші арасында жағымды қарым-қатынас орнатып, олармен 
жоспарланған істерді жүзеге асйру үшін əр адамның даралық мінез-құлқын білуді талап 
етеді. Мұндай талап əлеуметтік психологияда ерекше орын алатын мəселенің бірі адам 
факторын үнемі ескеріп, ерекшеліктерімен санасып отыру қажет 
Адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттеген кезде психологиялық зерттеу əдісінің 
бірі таңдау. Бұл əдісті тұңғыш ұсынған американ психологы Дж. Морено. Бұл əдіс 
объективті əдіс оны əлеуметтік психологияның басқа əдістерімен бірге адамдардың бір-
бірімен өзара қатынасын зерттеген кезде қолданылады. Таңдау əдісі-социометриялық əдіс 
деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет