Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН



Pdf көрінісі
бет55/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Нышан дегеніміз не 
2. Қабілеттің анықтамасы. 
3. Бейімділік дегеніміз не. 
4. Жалпы қабілет түрлері.
5. Арнайы қабілет түрлері қандай. 
6. Дарындылық, талант, данышпан ұғымдарын түсіндіру 
7. Интеллект қандай қабілет. 
8. Адамның интеллектуалдық даму деңгейін қалай бағалайды. 
Əдебиеттер: 
1. Алдамұратов Ə. Жалпы психология.-Алматы.,1996 
2. Намазбаева Ж.И.Психология.-Алматы.,2005
3. Рубинштейн С.Основы общей психологии.-М.,1989 Т.2. 211-235 б. 
4. Столяренко Л.Д.Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003 
5. Немов Р.С.Общая психология.-М.,1996 332-341 б. 
№ 14 дəріс 
Тақырыбы: Қарым-қатынас психологиясы. 
Дəріс мазмұны: 
1. Қарым-қатынас туралы түсінік. 
2. Қарым-қатынас түрлері. 
3. Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы. 
4. Іскерлік қарым-қатынастар. 
Мақсаты: Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы, түрлері жəне түрлі 
ерекшеліктерімен 
таныстыра 
отырып,студенттің 
қарым-қатынаста 
ескеретін 
психологиялық ережелерін білуге тəрбиелеу. Іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктерімен 
таныстыру. 
Қарым – қатынас туралы түсінік. 
Жеке адамның өзі де- қоғам мүшесі, əрі əлеуметтік тұлға. Сондықтан оның өмір 
тіршілігіндегі əрбір қимыл-əрекеті, ісі қоғамдық өмір көрінісі. Психология ғылымының 
кез-келген мəселесі адамның жан дүниесі сырымен, қоғам мен əлеуметтік өмірдің сан 
алуан салаларымен тығыз байланыста. Психологтар мен социологтар зерттеулеріндегі 
маңызды мəселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас мəселесі. 
Қатынас орнату нəтижесінде өзара ықпал етіп, адамдар өмір тəжірибесі, іс-əрекеті, 
ақыл-ойы дамиды, əр-алуан іс-əрекеттерін жүзеге асырып, хабар алысады. Содан олардың 
арасында тұрақты қарым-қатынас орнайды, өзара бірігеді, əрбір іс-əрекетті орындау 
нəтижесінде кəсіби іскерлігі артады. Ұжымдық іскерлігі дамып, басқару ісінің мəнін 
түсінеді. Адамдар өзара қарым-қатынас жасасу арқылы бірін-бірі түсініп, мінез-
құлқындағы ұнамды қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді, əлеуметтік жағдайды 
түсінеді.Қоғамдық сипатта атқарылатын істердің нəтижелі болуы, ең алдымен адамдардың 
ақыл-ойы мен дене күшін біріктіре отырып, олардың саналы түрде жүзеге асырылуына 
тəуелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет