Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН



Pdf көрінісі
бет56/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80
Қарым-қатынас түрлері. 
Топтағы, ұжымдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі екі түрі болады. 
Іскерлік жəне жеке қарым-қатынас. Бұл екі түрі де жеке адамдардың бір-бірімен қатынас 
жүйесін құрайды.Қарым-қатынастың негізгі психологиялық сипаты. 
а) дара адамдар арасындағы қатынас жəне оның əлеуметтік бағыт-бағдары. 
ə) оның психологиялық дамуы мен тірегі. 


б) қарым-қатынас жасауының белгі-таңбалары жəне оның қимыл-қозғалысы бет 
құбылысының, ым-ишаралары мен көзқарастарынан айқын байқалуы. 
в) əлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесінен көрінеді. 
Қарым-қатынас психологиясы көп жақты жəне күрделі процесс. Сондықтан негізгі 
ерекшеліктеріне қарай бір-біріне байланысты үш жақты құрылымы бар. 
1. коммуникативті 
2 .интерактивті 
3. перцептивті 
Бұл құрылым адамдардың тіршілік əрекетінде қарым-қатынастың негізгі қызметі болып 
табылады. 
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы немесе коммуникация жеке адамдар 
арасында информация алмасу (общение как обмен информации). 
Интерактивті жағы адамдар арасында пікір, идеалар алмасу мен қатар іс-əрекет 
барысындағы қарым-қатынасы. 
Перцептивті жағы араласушы адамдардың бір-бірін түсіне білуі, ықпал жасауы, 
қабылдауы,өзара қатысы, байланысы, информация алмасуы. 
Іскерлік қарым – қатынас 
Іскерлік қарым-қатынас жеке адамдардың іс-əрекет барысындағы қатынас жүйесі, оның 
құрамы: 
1. іскерлік əңгімелесу 
2. телефондық іскерлік əңгімелесу 
3. аудитория алдында сөйлеу 
4. қызметтік кеңес өткізу 
5. іскерлік құжаттармен жұмыс. 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
 1 Қарым-қатынас түрлері. 
2. Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы. 
3. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы. 
4. Қарым-қатынастың интерактивті жағы. 
5. Қарым-қатынастың перцептивті жағы. 
6. Қарым-қатынастың вербалды, вербалды емес жақтары.. 
7. Синтоникалық жақтары (визуалды,аудиалды, кинестикалық). 
8. Іскелік қарым-қатынас түрлері. 
Əдебиеттер:
 1. Титова Л.Г. Деловое общение.-М.,2005 
2. Морозов А.В. Социальна я психология.-М.,2003 49-86 б. 
3. Сəбет Бап-баба Жалпы психология.-Алматы,2003 
4. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003 
5. Реан А.А. Психология личности.-СПб.,2004 
6. Немов Р.С. Практическа психология.-М.,1998. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет