Психология ғылымының дамуындағы бағыттар мен мектептер. Психологияның дамуындағы түрлі бағыт – бағдар мен түрлі ағымдағы мектептер де бұл
пəннің сан алуан мəселелерін əрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырады. Олардың
негізділері мыналар: Э.Титченер негізін қалаған құрылым психологиясы (көрнекті өкілі –
В.Вундт. Бұл мектеп сананың құрылымын тəжрибелік тұрғыдан іздестіруді мақсат етті);
Вюрцбург мектебі (Батыс Европа мен АҚШ-та кеңінен таралды. Психикалық процестерді
тəжірибелік зерттеулер арқылы анық
талдады. Көрнекті өкілдері: К.Марбе, И.Орт, А.Майер, Г.Уотт, А.Мессер, Н.Ах, К. Бюлер,
О.Зельц). Бұл мектептің негізі Германияда қаланды.
Американдық психологиядағы функционализм ағымы. Негізгі мақсаты –
психология ғылымының жетістіктерін тəжірибеде қолдана отырып, адамның мінез –
құлқын зерттеу. Бұл ағымның көрнекті өкілінің бірі Р.Вудвортс (1869 – 1962) болды.
Бихевиоризм –ХХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық
бағыт. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп
санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк (1874 -1949).
Гештальт – психология –Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін
қалаған Макс Вертгеймер (1880 - 1943).”Гештальт” немісше – тұрпат, түр, форма, құрылым. Қазақша құрылым психологиясы деп алып отырмыз. Бұл мектептің мақсаты –
жеке психикалық процестердің құрылымын тəжірибе жүзінде зерттеу.
Фрейдизм. Бұл – Австрия ғылымы З.Фрейд (1856 -1939) есіммен аталатын бағыт.
Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады.
ХХ ғасырдың 30 – 40 жылдарында капиталистік елдерде бихевиоризмнің психология
ғылымының даму тарихында өзіндік бағыт – бағдары жəне ғылыми маңызы бар когнитивтік бихевиоризм (адамның ішкі дүниесін зерттеп, танып білу), гипотезалық – дедукциялық бихевиоризм (психологияның даму қисынын зерттеу), операнттік бихевиоризм жəне неофрейдизм тəрізді жаңа бағыттары пайда болды. Неофрейдизм
(көрнекті өкілі – Х.Корни, 1885 - 1953) – биологиялық еліктеудің əлеуметтік
факторлармен байланысын психологиялық тұрғыдан зерттесе, ал американ психологы
Курт Левин (1890 - 1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы
адамдардың өзара қарым – қатынасын қарастырып, “өріс” теориясын жасады. Бала ақыл –
ойының дамуын, оның ойлауы мен сөйлеуін т.б. мəселелерді бір жүйемен қарастырған
біздің заманымыздағы көрнекті психолог маман – швецариялық Жан Пиаже (1896 - 1980).