Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес



Pdf көрінісі
бет22/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

 
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде 
сайланады. Кеңестің құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі. Кеңестің 
төрағасы мен хатшысы бірінші отырыста Кеңес құрамынан көпшілік дауыспен сайланады. 
Кеңес хатшысы Кеңестің дауыс беруіне және кеңес отырысына шығарылатын мәселелерді 
талқылауға қатыспайды.
Кеңес отырысы: 
1) егер Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп 
саналады; 
2) жұмыс жоспарына сәйкес, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес, сондай-ақ өтініштер 
мен шағымдардың түсуіне қарай өткізіледі; 
3) Кеңестің күн тәртібі мен күні туралы қызметкерлерді, сондай-ақ мүдделі тұлғаларды 
Кеңес хатшысы оны өткізгенге дейін күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей хабардар етеді. 
Кеңес отырысы хаттама түрінде ресімделеді, оған Кеңестің төрағасы мен хатшысы қол 
қояды. Кеңес отырысының хаттамасы – Кеңес отырысының барысын және онда қабылданған 
ұсынымдарды көрсететін ресми жазбаша құжат. Хаттама білім беру ұйымында сақталуы тиіс 
және білім беру ұйымының істер номенклатурасына енгізілуі тиіс. 
Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатта болады. Білім беру ұйымының басшысы Кеңестің 
ұсынымын қарау кезінде еңбек және өзге де заңнама талаптарына сәйкес шешім қабылдайды. 
Педагогке қатысты талқылаулар және олардың негізінде қабылданған шешімдер оның 
жазбаша келісімімен ғана жариялануы мүмкін
.
Дереккөздерге сілтеме: 
1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III Заңы. 
2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 
жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген. 
3. Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы. Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы №50 бұйрығымен бекітілген. 
4. Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 
бұйрығы.
5. Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) 
түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы. 
6. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік 
қағидалары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 
қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген.
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттары. Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысымен бекітілген. 
8. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және 


оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі№ 355 бұйрығымен бекітілген. 
9. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру 
ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің 
үлгілік қағидалары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін 
атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы №272 бұйрығымен бекітілген. 
10. Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау 
тәртібінің үлгі ережесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 
жылғы 21 желтоқсандағы №644 бұйрығымен бекітілген.
11. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 
желтоқсандағы №293-VІ ҚРЗ. 
12. Педагогикалық әдеп қағидалары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет