Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет33/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

Орта білім беру ұйымы – бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудің жалпы бiлiм 
беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу 
бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы. 
Патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала уәкілетті мемлекеттік орган мен 
баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам (патронат тәрбиелеуші) жасасқан келісімшарт 
бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбиелеу нысаны.
Педагог – тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе басқа кәсіби білімі бар және білім 
алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін 
әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыратын 
адам. 
Педагогтік әдеп – Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасында 
белгіленген педагогтердің мінез-құлық нормалары. 
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңесбілім беру ұйымында құрылған, педагогтердің 
педагогтік әдепті сақтау мәселелерін қарастыратын алқалы орган. 
Сынып жетекшілігі – педагогке сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесі шеңберіндегі 
іс-әрекетін үйлестіру бойынша жүктелген функция. 
Тiрек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақты мектеп оқушыларының сапалы бiлiм 
алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық 
сабақтарын, аралық және қорытынды аттестаттауды өткiзу үшiн таяу маңдағы шағын жинақты 
мектептердiң бiлiм беру ресурстары шоғырландырылатын орта бiлiм беру ұйымы. 
Тәлімгер – өндірістік немесе қызмет көрсету саласының технологияларын меңгерген, 
өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибеге жетекшілікті жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) 
білікті жұмыскері. 
Тәлімгерлік – педагогтің орта білім беру ұйымында педагогтік кәсіби қызметін алғаш 
бастаған адамның кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі. 
Халықаралық мектеп – дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын 
іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациядан өткен немесе халықаралық 
институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны. 
Шағын жинақты мектеп – оқушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары аралас және 
оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп. 
Элиталық білім – дарынды тұлғалар үшін мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске 
асырылатын арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен білім беру бағдарламалары 
бойынша алынатын білім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет