Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Білім беру процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесі



Pdf көрінісі
бет23/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

Білім беру процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесі.
Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асырудағы құқықтары. 
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары. 
Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат 
 
Оқушылар, педагогтер, оқушылардың заңды өкілдері оқу процесінің субъектілері болып 
табылады. 
Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асырудағы құқықтары 
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VІ ҚРЗ «Педагог 
мәртебесі туралы» Заңы педагог мәртебесін айқындайды, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік 
кепілдіктері мен шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді. 
 
4-бап. Педагог мәртебесі 
1. Қазақстан Республикасында педагогтің ерекше мәртебесі танылады, бұл оның 
кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін қажет жағдайды қамтамасыз етеді. 
2. Білім беру саласында кәсіптік қызметін жүзеге асырған және Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті ұйыммен еңбек қатынастарында 
болған кезеңде адам педагог мәртебесіне ие болады. 
3. Педагог лауазымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 
 
 
7-бап. Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асырудағы құқықтары 
1. Кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде педагогтің: 
1) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 
талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастыру тәсілдері мен 
нысандарын еркін таңдауға; 
2) лауазымды адамдар және басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан және 
кедергі келтіруден қорғалуға; 
3) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды 
өкілдері тарапынан кәсібіне құрметпен қаралуына және тиісінше мінез-құлық көрсетілуіне; 
4) кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық 
техникалық қамтамасыз етілуге және қажетті жағдайлардың жасалуына; 
5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, 
педагогтік тәжірибесіне жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге
6) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары 
сақталған жағдайда шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық 
бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, 
анағұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға; 
7) білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің оқу құралдарын
материалдарын және өзге де құралдарын таңдауға; 
8) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, білім беру қызметінің әдістемелік 
материалдары мен өзге де құрамдас бөліктерін, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-әдістемелік 
кешендер мен оқу құралдарын әзірлеуге қатысуға; 
9) жұмыс орны бойынша сайланбалы лауазымға сайлануға және оны атқаруға; 
10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру ұйымының 
қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға
11) білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға; 
12) кем дегенде бес жылда бір рет біліктілігін арттыруға; 
13) үздіксіз кәсіптік дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға; 
14) біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға; 
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке педагогтік 
қызметпен айналысуға; 


16) кәсіби қызметіндегі табыстары үшін көтермеленуге; 
17) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға; 
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда 
кәсіби дағдыларын сақтау және арттыру үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясы 
бойынша тағылымдамадан өтуге; 
19) өзіне қатысты қабылданатын ұйым басшысының актілеріне, әрекеттеріне және 
шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағымдануға
20) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды 
өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқығы; 
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар. 
Педагог материалдық қамтамасыз етілуге, көтермеленуге құқылы («Педагог мәртебесі 
туралы» Заңның 8-бабы, 9-бабы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет