Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет24/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

 
 
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары. 
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы 
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы – балалардың білім алу, мәдени 
жетістіктерді пайдалану, демалу және бос уақыты болу құқығын және БҰҰ-ға мүше 
мемлекеттердің балаларға өзге де қызметтер көрсету құқықтарын айқындайтын халықаралық 
құқықтық құжат. Бала құқықтары туралы конвенция баланың құқықтары халықаралық құқық 
деңгейінде қарастырылған алғашқы және негізгі халықаралық құқықтық құжат болып 
табылады.
Құжат 18 жасқа дейінгі жас азаматтардың аштық пен мұқтаждықтан, қатыгездіктен
қанаушылықтан және теріс пайдаланудың басқа да түрлерінен еркін жағдайларда өз 
мүмкіндіктерін толық дамытуға жеке құқықтарын нақтылайтын 54 баптан тұрады. 
Конвенция 28-бапта балаларға тегін және міндетті бастауыш білім алуға кепілдік береді 
және БҰҰ-ға мүше мемлекеттерден жалпы және кәсіптік білім берудің әртүрлі нысандарын 
дамытуды, оның барлық балаларға тегін қолжетімділігін қамтамасыз етуді және оған қажетті 
шараларды қабылдауды талап етеді. 
28-бап 
1. Ұйымға мүше мемлекеттер баланың білім алу құқығын мойындап, бұл құқықты жүзеге 
асыруға тең мүмкіндік негізінде біртіндеп қол жеткізу мақсатында, атап айтқанда: 
а) тегін және міндетті бастауыш білім беруді енгізу; 
ә) жалпы білім және кәсіби біліммен қатар орта білімнің барлық түрінің дамуын 
ынталандырып, оған барлық балалардың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді және 
тегін білім беруді енгізу мен қажет болған жағдайда, қаржылай көмек көрсету сияқты 
қажетті шараларды қабылдайды; 
б) әркімнің қабілеті негізінде барлық қажетті құралдар арқылы жоғары білімге 
баршаның қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді; 
в) білім беру және кәсіби даярлық салаларына қатысты ақпараттар мен 
материалдардың барлық балалар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етеді; 
г) оқушылардың мектепке тұрақты баруы мен мектепті тастап кететін оқушылар 
санын азайту жөнінде шаралар қабылдайды. 
2. Ұйымға мүше мемлекеттер мектептегі тәртіп баланың адамдық қадір-қасиетін 
құрметтеуге бағытталған тәсілдер арқылы және осы Конвенцияға сәйкес сақталуын 
қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды қолданады. 
3. Ұйымға мүше мемлекеттер білім беру саласындағы, оның ішінде бүкіл әлемдегі 
білімсіздік пен сауатсыздықты жоюға үлес қосу және ғылыми-техникалық білім мен 
заманауи оқыту әдістеріне қол жеткізуді жеңілдету мақсатында халықаралық 


ынтымақтастықты ынталандырады және дамытады. Осыған байланысты дамушы елдердің 
қажеттіліктеріне ерекше назар аудару қажет.
Тәрбие білім берудің ажырамас бөлігі болып табылады. Отбасылық тәрбие міндеттері 
18-бапта қарастырылған. 
18-бап 
1. Ұйымға мүше мемлекеттер баланың тәрбиесі мен дамуы үшін ата-анасының 
екеуінің де ортақ және тең жауапкершілігі қағидатының танылуын қамтамасыз ету үшін 
барлық мүмкіндікті жасайды. Баланың тәрбиесі мен дамуы үшін бірінші кезекте ата-анасы 
немесе тиісті жағдайларда заңды қамқоршылары жауап береді. Олардың негізгі міндеті 
баланың мүдделері болып табылады. 
2. Осы Конвенцияда баяндалған құқықтарды жүзеге асыруға кепілдік беру және 
жәрдемдесу мақсаттарында үйымға мүше мемлекеттер ата-аналарға және заңды 
қамқоршыларға балаларды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындауда тиісті көмек 
көрсетеді және балалар мекемелерінің желісін дамытуды қамтамасыз етеді. 
3. Ұйымға мүше мемлекеттер ата-аналары жұмыс істейтін балалардың өздеріне күтім 
жасайтын қызмет көрсету орындары мен балалар мекемелерін пайдалану құқығын 
қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қарастырады. 
Балалардың тәрбие алу құқығын қамтамасыз етуде Конвенцияның 29-бабы аса 
маңызды болып табылады.
29-бап 
Ұйымға мүше мемлекеттер білім беру баланың: 
- жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын, ақыл-ой және дене 
қабілеттерін барынша толық дамытуға; 
- адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының 
Жарғысында жария етілген қағидаттарды құрметтеуге

баланың ата-анасына, өз мәдениетінің ерекшеліктеріне, тіліне және 
құндылықтарына, өзі тұрып жатқан елдің және өзі шыққан елінің ұлттық құндылықтарына, 
сондай-ақ басқа өркениеттерге құрметпен қарауға; 
- баланы еркін қоғамдағы өзара түсіністік, бейбітшілік, шыдамдылық, ерлер мен 
әйелдердің теңдігі және барлық халықтар, этникалық, ұлттық және діни топтар арасындағы, 
сондай-ақ жергілікті халық өкілдері арасындағы достық рухында саналы өмірге дайындауға; 
- қоршаған табиғатты құрметтеуге тәрбиелеуге тиіс екендігімен келіседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет