құқықтары мен міндеттерін қолданатын не нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларды,
сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілерді нақтылайтын жазбаша
ресми құжат.
Оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні, әрбір оқу сабағы және (немесе) модуль бойынша
меңгерілетін білім, білік, дағдылары мен құзыреттерінің мазмұны мен көлемін айқындайтын
бағдарлама.
Оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, оқу сабағы
және (немесе) модульдердің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбек сыйымдылығын), кәсіптік
тәжірибені, білім алушылардың басқа да оқу қызметінің түрлерінің және бақылау нысандарын
реттейтін құжат.
Оқыту – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім, білік, дағдылар мен құзыреттерді
игеру, қабілеттерін дамыту, өз білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін жинақтау және
өмір бойы білім алуға ынтасын қалыптастырубойынша қызметін ұйымдастырудың мақсатты
бағытталған процесі.
Оқыту нәтижелері – білім алушының білім беру бағдарламасын игеру барысында
көрсететін білімі, білігі мен дағдыларының бағалау арқылы расталған көлемі және қалыптасқан
құндылықтар мен көзқарастар.
Орта білім – азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік
берілген, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру нәтижесінде
алатын білімі.
Достарыңызбен бөлісу: