Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет32/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Нормативтқұқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкiлеттi 
орган қабылдаған, заң нормаларын белгiлейтiн, өзгертетiн, толықтыратын, олардың қолданысын 
тоқтататын немесе тоқтата тұратын, қағаз жүзіндегі жазбаша ресми құжат және белгiленген 
нысандағы соған барабар электрондық құжат. 
Нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi – нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк 
құқықтық актiлер сатысындағы заңды күшiне қарай алатын орны. 
Нормативтік емес құқықтық акт – құқық нормаларын қамтымайтын, өз құзыреті шегінде 
уәкілетті орган шығарған (қабылдаған), жеке белгіленген тұлғалардың заңнамада белгіленген 


құқықтары мен міндеттерін қолданатын не нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларды, 
сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілерді нақтылайтын жазбаша 
ресми құжат. 
Оқу бағдарламасыәрбір оқу пәні, әрбір оқу сабағы және (немесе) модуль бойынша 
меңгерілетін білім, білік, дағдылары мен құзыреттерінің мазмұны мен көлемін айқындайтын 
бағдарлама. 
Оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, оқу сабағы 
және (немесе) модульдердің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбек сыйымдылығын), кәсіптік 
тәжірибені, білім алушылардың басқа да оқу қызметінің түрлерінің және бақылау нысандарын 
реттейтін құжат. 
Оқыту – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім, білік, дағдылар мен құзыреттерді 
игеру, қабілеттерін дамыту, өз білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін жинақтау және 
өмір бойы білім алуға ынтасын қалыптастырубойынша қызметін ұйымдастырудың мақсатты 
бағытталған процесі. 
Оқыту нәтижелері – білім алушының білім беру бағдарламасын игеру барысында
көрсететін білімі, білігі мен дағдыларының бағалау арқылы расталған көлемі және қалыптасқан 
құндылықтар мен көзқарастар. 
Орта білім – азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік 
берілген, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта 
және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру нәтижесінде 
алатын білімі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет