Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет27/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

 
 
12-бап. Баланың қажеттi өмір сүру деңгейiне құқығы  
1. Әрбiр баланың дене, ақыл-ой, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті 
өмір сүру деңгейі мен жағдайларына құқығы бар.
 
 
13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары  
1. Баланың өз ата-анасынан және басқа отбасы мүшелерiнен заңмен белгiленген 
тәртiппен және мөлшерде қолдау алуға құқығы бар. Балаға алимент, жәрдемақы 
және басқа да әлеуметтiк төлемдер ретiндегi тиесiлi сомалар ата-анасының (олардың 
орнындағы адамдардың) қарамағында болады және олар баланы күтiп-бағуға, оған бiлiм 
беруге және тәрбиелеуге жұмсалады.
 
 
 


 
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы  
1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес 
тұрғын үйге құқығы бар.
 
 
15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы  
1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм 
туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және 
конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары 
бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. 
 
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы  
1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға 
құқығы бар.
 
Баланың мiндеттерi 
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа 
адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, республиканың 
мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, 
тарихи және мәдени мұралардың сақтауға, тарихи және мәдени ескерткiштерді қорғауға, 
табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет