С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


-тест. Сіз қайсар адамсыз ба?



Pdf көрінісі
бет97/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   134
Байланысты:
Якушева С.Д. Педагогикалық шеберлік негіздері. Оқулық

7-тест. Сіз қайсар адамсыз ба? 
Н ҧ с қ а у л ы қ . Сізге 15 сҧраққа жауап беру ҧсынылады. Әрбір 
«иə» деген жауапқа 2 ҧпай, ал «білмеймін деген жауапқа — 1 ҧпай, 
«жоқ» деген жауапқа – 0 ҧпай қойыңыз. 
1. 
Сіз, егер қанша ерте болғанымен, бҧл қажет болса, төсектен 
таңертең тҧра аласыз ба? 
2. 
Сіз таңертеңгілік жаттығуды ҥнемі жасайсыз ба? 
3. 
Сіз кҥн тəртібін сақтай аласыз ба? 
4. 
Сізге бҧл қанша бөгет болғанымен, сіз сабақта алаңдамай, талап 
етілген жҧмысты орындай аласыз ба? 
5. 
Сіз, тым болмағанда ішіңізден, сабақтан кешігетін немесе сабақтан 
қалатын жəне басқаларға оқуға кедергі келтіретіндерді кіналайсыз ба? 
6. 
Сіз, тіпті өз бетіңізбен болмаса да ҥй тапсырмасын орындайсыз ба? 
7. 
Сіз өзіңізге мҥлде ҧнамайтын тапсырманы орындайсыз ба? 
8. 
Сіз, егер бҧл тапсырмалар міндетті болмаса, онда қосымша 
берілген əдебиеттерді оқисыз ба? 
9. 
Сіз дəрігердің нҧсқауы бойынша сіздің есіңізге салмай ем 
қабылдай аласыз ба? 
10. Жанжалды оқиғаға тап болып, біреумен ҧрысуға шақ қалғанда, сіз 
мҧны жасайсыз ба? 
11. 
Сіздің бір іспен сҥйіп айналысатын кҥндеріңіз не болмаса 
сағаттарыңыз бар ма? 
12. Егер сіз қандай да бір істі бастасаңыз, бірақ сосын бҧл істің 
қызықты емес екенін тҥсінгеннен кейін, оны аяғына дейін жеткізесіз 
бе? 
13. Сіз егер маңызды əрі шҧғыл ісіңіз болса, ең қызықты 
телебағдарлама немесе кинофильм көруден бас тарта аласыз ба? 
14. 
Сіз берген уəдеңізді ҥнемі орындайсыз ба? 
15. 
Сіз өз мінез-қҧлқыңызды, əрекеттеріңізді талдап отырасыз ба 
жəне осыдан белгілі болатындай бір қорытынды жасайсыз ба? 
Н ə т и ж е л е р д і ө ң д е у . 
Өз ҧпайларыңызды есептеңіз. Олардың жиынтығы сіздің 
қаншалықты қайсар адам екеніңізді көрсетеді. 
Егер ҧпай саны 22-33 аралығында болса, сізді қҧттықтауға 
болады – қайсарлығыңыз бен ерік-жігеріңіз орнында. Сіз қайсар 
адамсыз, сізге сенуге болады жəне сіз уəдеңізде тҧрасыз. Бірақ 
дандайсып кетпеңіз, кейде сіздің берік əрі ымырасыз ҧстанымыңыз 
айналаңыздағыларды мезі етуі мҥмкін. 13-21 аралығындағы ҧпай 
жиынтығы, ерік жігеріңіз орташа дамыған. Егер басқаша 
болмайтынын сезінетін болсаңыз, сіз тиісті əрекет жасайсыз, бірақ 
бір нəрсені істеуге болмайтынын көрсеңіз, ол жҧмысты өз 
мойныңызға алмайсыз. Егер сізге бір іс жҥктелсе, сіз орындайсыз, өз 
бастамаңызбен артық міндетті мойныңызға аласыз, сіз біршама 
бітімшілсіз, бірақ мақсаттарға қол жеткізуде берік, əрі бірбеткей 


емессіз. 12 және одан аз ҧпай есептесеңіз, сіздің ерік жігеріңіз бəрі 
орнында емес. Өз міндеттемелеріңізге сіз қолды бір сермеген 
қалыпта қарайсыз, өзіңізге жеңіл əрі қызықты нəрсені ғана істейсіз. 
Өзіңізге сырттай қарауға тырысыңыз, өз мінез-қҧлқыңызға талдау 
жасаңыз жəне тым болмағанда бір нəрсені өзгертуге тырысыңыз. Сіз 
көп ҧзамай, мҧның қиын еместігіне көз жеткізесіз, тек өзіңізді осыған 
мəжбҥрлеңіз. Жəне сіз өзіңізді анағҧрлым қайсар адам 
болатыныңызға кҥмəн келтірмеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет