5
1.2. Педагогикалық білім
Педагогикалық білім (ПБ) – оқыту мен оқудағы үдерістері мен
тәжірибелері немесе әдістері
және ол басқалардың арасында, білім беру
мақсаттары мен құндылықтарды толық қамтитын терең білім. Бұл білім
алушыны оқыту, аудиторияны басқару, сабақ жоспарын әзірлеу және жүзеге
асыру, сондай-ақ білім алушыны бағалау мәселелеріне
қатысатын жалпы білім
нысаны болып табылады. Бұл білім, аудиторияда пайдаланылуы тиіс әдістер
немесе тәсілдер;
арнайы аудитория сипаты; білім алушы білімін бағалау
стратегиялары туралы білімді
қамтиды. Терең педагогикалық
білімі
бар оқытушы, білім
алушылардың
білім
құру,
дағдыларды меңгеру тәсілдерін
және қабілеттерін, оқытуға
қарай
бейімділікті дамытуды
анық түсінеді. Сол сияқты
педагогикалық білім оқытудың
танымдық, әлеуметтік және
дамытушы
теорияларын және
оларды
аудиторияда
қалай
қолданылатынын
түсінуді
талап етеді.
1.3. Технологиялық білім
Технологиялық білім (ТБ) – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік
материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл
санаттағы білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті
хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да
меңзейді. Оған нақты технологияны қолдануды қажет ететін дағдылар кіреді.
Сандық технологиялар жайлы айтатын болсақ олар, операциялық жүйелер
білімін
және аппараттық компьютер, бағдарламалық құралдардың үйреншікті
жиынтығын (мәтіндік
процессорлары, электрондық кестелер, браузерлер,
электрондық пошта) қолдану қабілетін енгізеді.
ТБ-ге бағдарламалық
жасақтамаларды орнату және алып тастау құрылғыларды қосу және ажырату
тәсілдері, бағдарламалық жасақтамаларды (software programs) орнату және
6
шығарып алып, құжаттарды жасау және мұрағаттау кіреді. Ең стандартты
технология семинарларда осындай дағдыларды қалыптастыруға назар аударады.
Технология үнемі өзгеріп отырғандықтан ТБ де бір орында тұрмауы керек.
Мысалы, жоғарыда келтірілген мысалдардың көбі (операциялық жүйелер,
мәтіндік процессорлары, браузерлер, және т.б.) өзгерістерге ұшырайды,
болашақта тіпті жоғалып кетуі де мүмкін. Жаңа технологияларды үйрену және
бейімделу қабілеті (нақты технологияларға қарамастан) әлі де маңызды болады.
Технологиялық білім аудиторияда АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді
қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: