Illustrator жұмыс істеу барысында қабат құруға болады. Бұл қабатты
обьектінің тобы орналасқан айқын пленкамен салыстырып, орналасуын
өзгертуге болады. Қабаттармен жұмыс істеу барысында өзгертулер, туралау
көп болады. Ал, қорытынды этап ол барлық қабаттарды бір кескінде
біріктіру.
Векторлық графикада ең күрделі суреттер бірнеше қарапайым
обьектілерден құрылады. Сондықтан ең бірінші Illustrator программасында
қарапайым обьектілерді қалай құру керектігін көру қажет. Бұны білсек, біз
күрделі суреттерді құруды үйренеміз. Қарапайым фигураларға түрлі
геометриялық обьектілер: үшбұрыш, элипс, көпбұрыш және жұлдыздар
жатады.
Illustrator программасының қызықты мүмкішіліктерінің бірі мәтінмен
жұмыс істеу. Біз мәтінді баспаға оңай шығарып, оның өлшемін, пішінің
өзгерте аламыз. Бұл жағдайда мәтін горизонталь, вертикаль орналасуы
мүмкін. Бірден сапалы кескін салу оңай емес. Қателерді түзеу немесе
обьектілерді модификациялау үшін Illustrator программасында обьектілерді
редакциялау мүмкіншіліктері қарастырылған. Illustrator программасында
обьектілерді туралау үшін Align (туралау) шарты орындалады. Егер кескін
бірнеше обьектілерден тұрса, оларды араластыру немесе пішінің өзгерту өте
күрделі. Бұл жұмысты оңайлату үшін Illustrator да обьектілерді топқа
біріктіру яғни топтастыру мүмкіндігі бар.
Обьект топтастырылған болса, олармен жұмыс істеу әрекеті бір
обьектпен жұмыс істегендей. Орын ауыстыру, көшіру және басқа операция
кезінде барлық топтағы обьектпен бірге жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: