редакциялау өте жеңіл болады. Photo – Paint құралдарының көмегімен
фотосуретті қалпына келтіруге болады. Photo – Paint дәстүрлі көркемсурет
техникасына ұқсастырып суретті құру мүмкіндігі бар. Арнайы
құбылыстардың көмегімен кескінге және оның бөлігіне нақты түр беруге
болады. Күрделі редакциялау кезінде және коллажды құрғанда ерекшелеу
тәсілі міндетті түрде орындалады. Құралдардың көптеген түрлерінің
көмегімен, кез – келген күрделі фрагментті ерекшелеуге, ерекшелеуді
өзгертуге, оны сақтап және келесі жұмысқа жүктеуге болады.
Объекті редакциялау өзіне көптеген түрлі процедураларды қосады. Біз
объектінің түсі мен формасын өзгертіп, оның бөлігін өшіріп немесе түрге
арнайы құбылыстарды қолдануға болады.
Photo–Paint суреттерді құруға жоғарғы сапалы таңдамалы құралдарды
береді. Ең ыңғайлысы ол қарапайым фигуралар құру: тікбұрышты үшбұрыш,
элипс, көпбұрыш және түзу сызықтар.
Сонымен қатар ерекшеленген облыс немесе объектіні таңдаған түспен
бояу қиын емес. Негізінде жақсы көрсеткішті қылқалам жинақтарының
көмегімен көрсетуге болады.
Photo – Paint жұмысының негізгі принциптері:
1. Алғашқы кескінді файлдан, буферден, сканерден немесе сандық
фотокамерадан алу.
2. Қарапайым фигуралар және ерікті суреттерді түрлі құралдардың
көмегімен құру.
3. Кескіннің бөлігінде ерекшелеу операциясын қолдану. Ерекшелеуді
өзгерту, сақтау және қалпына клтіру.
4. Көптеген түрлі құбылыстарды кескіндерге және оның бөліктеріне
қолдану.
Photo – Paint графикалық редакторында бейнефайлдардың кадрын
редакциялауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: