– бейнені құру және өңдеу. Кез – келген программа сияқты Photoshop – та
дайын бейнелерді жүктеу және жаңасын құруға болады. Алдын ала құрылған
бейнелерді редакциялау өте жеңіл орындалады.
Компьютерге иллюстрацияны сканердің немесе цифрлік
фотокамераның көмегімен қосуға болады.
Photoshop құралдары
фотосуреттерді қалпына келтіруді оңай орындайды. Жақсы фотосурет алу
үшін оның қанықтылығын, жарықтық реңін, түстерін түзетіп,
суреттегі
бүлінген жерлер мен дақтарды алып тастау керек.
Photoshop программасының саймандар тақтасының ерекшелігі – ол
балама (альтернативті) саймандардың болуы. Бұндай саймандар белгілері –
кішкентай үшбұрыш белгісіндегі арнайы белгі. Егер тышқан көрсеткішін
осындай пернеге апарып басса, онда қосымша саймандар тізбегі ашылады.
“Область” және “Лассо” саймандарының көмегімен кескіннің шегін,
шеңберін облысын белгілеп алуға болады, ал “Ауыстыру” (перемещение)
сайманның көмегімен белгіленген облыстардың
орнын ауыстырып және
олардың көшірмесін алуға болады. “Сиқырлы таяқша” (Волшебная палочка)
сайманы түс белгісіне байланысты облысты автоматты түрде бөліп алу үшін
арналған. Сиқырлы таяқшамен Лассоны графикалық объектілердің нақты
шеңберін жүргізу операциясын орындау үшін пайдаланады.
Сурет салуға арналған саймандар тобына әдетте келесілер кіреді:
аэрограф, бояуыш, қарындаш және өшіргіш. Штамп немесе мөр сайманын
толтыру операциясын орындау үшін пайдаланады.
Масштаб сайманы суреттің үлкейтілген бөлімдерімен жұмыс істесе, қол
сайманы программа терезесінің шегінен шығып кеткен суреттердің орынын
ауыстыруға болады.
Paint – графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді көру
және оларды басқа программаларға енгізуге негізделген. Ол мәтіндік
құжаттарға диограммалар,
графиктер, схемалар сияқты қарапайым
иллюстрацияларды енгізу үшін қолданылады. Paint программасын іске қосу
Достарыңызбен бөлісу: