болады.
Веб-графикада тірі (живой) қаріптерді пайдаланған тиімді. Себебі
оны үнемі жаңартып отыру керек.
Графикалық элементтерді де тиімді пайдалану керек. Графикалық
элементтерге боялған аумақтар,
сызықтар, фотосуреттер және суреттер
жатады. Веб-беттерінде бір бетті бірақ алатындай көлемі өте үлкен
суреттерді пайдаланған жарамайды. Сондықтан да онша үлкен емес
графикалық объектілерді түрлі түсті кестелермен немесе мәтінмен біріктіре
отырып пайдаланған тиімді.
Графикалық файлдың өлшемін 15 Кбайттан асырмау керек.
Графикалық элементтердің көмегімен бетті бөліктерге бөлу керек.
ХТМЛ құралдары мен графикалық элементтер бетті бөліктерге бөлудің
бір әдісі болап табылады. Яғни бөліктерге бөлу арқылы қолданушының
назарын оның жеке детальдарына аударуға болады.
Веб-бетінің макетін жасау үшін мәтін,
графикалық элементтер және
ХТМЛ-графика орналасатындай тор құрып алу керек. ол тор бір немесе
бірнеше бағаннан некмесе бірнеше бөліктерге бөлінген беттерден тұруы
мүмкін.
Веб-беттерін құрғанда оны үш бөлікке бөлу керек:
үлкен - ең маңызды
ақпарат жазатын, орташа – орташа маңызы бар ақпарат жазатын, кішкентай –
онша маңызды емес ақпарат жазатындай.
Бетте бос орындар тастауды ұмытпау керек. Бос орын аз қалдырылса,
онда ақпаратты оқу қиынға түседі. Сондықтанда беттің 25 пайызын ашық
қалдырған тиімді. Бос орынды – дизайн элементінің айналасынан қалдыруға
болады.
Біртекті графикалық
элементтерді, яғни фотосуреттерді, маркерлерді,
интерактивті батырмаларды қолдану үшін графикалық шаблондар
жиынтығын құрып алу керек. Оны құру үшін
графикалық редакторларды
пайдалану керек. оларды сол редактордың форматында сақтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: