Таңдалып алынған қаріптің көмегімен веб-беттерінде қуанышты, кәсіби
шеберлікті және т.б. беруге болады. Мынадай қаріптер бар:
1. Кертігі бар қаріптер- мысалы, А -
әріптің шеттеріне кішкентай
сызықтары бар әріптер. Олар тұрақтылықты, қауіпсіздікті, кәсібилікті және
мәңгілікті көрсетеді. Мұндай қаріптер мәтіннің үлкен үзінділерін беруге
қолайлы.
2. Кертігі жоқ қаріптер- мысалы,
А – озық ойды,
тазалықты, алға
ұмтылысты көрсетеді. Олар тақырыптарды жазуға, мәтіннің онша үлкен емес
үзінділерін теруге ыңғайлы.
Веб-беттерін жасағанда тек бір типті ғана шрифтер емес, 3-4 түрлі
қаріптерді пайдаланған ыңғайлы. Одан
көп болса, онда әдемі болмай қалады.
Қаріптің құрылымы мен өлшемін сипаттау үшін мынадай
терминдер қолданылады:
1. кегль – кертікті қоса есептегендегі қаріптің өлшемі.
2. пункт – пунктпен қаріптің биіктігі өлшенеді (1 пункт – 1/72 дюйм-ге тең,
ал 1 дюйм – 2,54 см)
3. Цицеро – баспа жолының енін өлшеу бірлігі (1 цицеро – 12 пункт
)
4. Интерлиньяж - жолдар арасындағы қашықтық. Ол пунктпен өлшенеді.
5. Апрош - әріптердің арасындағы бос орын.
Апроштың мәні кегльге
байланысты. Қаріптің өлшемі үлкен болған сайын,
әріптер бір-біріне жақын
болып көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: