Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет56/64
Дата26.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#52737
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64
Байланысты:
2 5321327818179609449

Айдос Сарым, саясаттанушы
* * *
Томас Корли өзінің «Ауқатты адамдардың күн-
делікті әдеттері» атты кітабында байлар мен кедей-
лердің өмірін салыстыра отырып жүргізілген өте қы-
зықты зерттеудің қорытындысын келтіреді. Зерттеу 
қорытындысына сүйенсек, ауқатты адамдар теледи-
дар қарауға уақыт шығындамайды. Олардың 67 пайы-
зы теледидарды күніне бір сағатқа жетер-жетпес қана 
уақыт көреді екен. Кедей тұратындардың 78 пайызы 


[ 158 ]
Күміс кітап
реалити-шоу көрсе, мұндайды көретін байлардың 
үлесі 6% ғана. Есесіне, ауқатты адамдардың 86 па-
йызы кітап оқығанды жақсы көреді. Оқуды жақсы 
көретін кедейлердің үлесі – 26%. АҚШ-та ауқатты 
адамдардың 88 пайызы күн сайын кемінде жарты 
сағат әртүрлі жанрдағы кітаптарды оқиды екен. Ал 
тұрмысы төмен адамдардың арасында мұндайды 
әдетке айналдырғандар 2% ғана көрінеді. Ауқатты 
адамдардың 63 пайызы жұмысқа бара жатқанда 
да аудиокітап тыңдауды әдетке айналдырған. Бұл 
зерттеудің нәтижесі «кедейлердің үйінде несие-
ге алынған үлкен теледидар тұрады, ал байлардың 
үйінде мұраға қалдыруға болатын кітапхана бар» 
деген сөзді растай түседі. Мұның барлығы адамның 
кітап оқуға құмарлығы оның әлеуметтік дәрежесі мен 
өмірден өз жолын табу жолындағы қабілетіне де бай-
ланысты екенін көрсетеді. 
Әйгілі ақын Олжас Сүлейменов жуырда Қазақстан-
да «жазушы» деген кәсіптің жоғалып бара жатқанын 
айтты. Кітапқұмар адамдардың азаюы ел үшін де 
қауіпті, өйткені кез келген елде адам капиталы, 
негізінен, осындай адамдардан тұрады. Сондықтан 
қоғамның мәдени дамуын көздейтін мемлекет орта 
тұрмыс кешетін халықтың көбірек білім алуына 
жағдай жасауы тиіс. Басқаша айтсақ, Маслоудың 
әйгілі қажеттіліктер иерархиясын басшылыққа алуы 
тиіс. Онда «Рухани құндылық пирамиданың жоғарғы 
жағында орналасқан және тәннің қажеттілігін 
қанағаттандыру содан басталады» делінеді. Ал кедей 
қоғам үшін кітап отқа жағатын қағаз ғана болса, театр 
бар болғаны «буржуйлардың» бас қосатын жері. Яғни, 
орта таптың болуы және мәдениет ошақтарының 


Кітап жайында пікірлер
[ 159 ]
бар болуы (театрлар, кітапханалар, мұражайлар т.б.) 
өздігінен тұтас ұлттың мәдени өсуіне ықпал ете ал-
майды. Дегенмен, адамның қандай кітап оқу, қандай 
ән тыңдау және қайда баруды таңдау мүмкіндігімен 
қатар, бос уақыты және таңдауын қанағаттандыра 
алатын қаржысы болуы керек. Яғни, мәдени даму 
үшін де белгілі бір дәрежеде капитал керек. Ал кітап 
оқу – мәдени дамудың ең негізгі бастауы. 
Қазақстанда заманауи әдебиеттің ұзақ уақыт 
бойы тұралап тұрғаны белгілі. Оның бір себебі, 
авторларға қаламақы берілмеуі, баспагерлер үшін де 
стимулдың болмауы десек қателеспейміз. 1991 жыл-
дан 2008 жылға дейінгі еліміздегі баспа нарығына 
зерттеу жүргізген ҚР Ұлттық кітап палатасы ел 
тұрғындарының көпшілігінің екі ай ішінде бір ғана 
кітап сатып алғанын анықтапты. Халықтың 17 пайы-
зы ғана бір кітаптан көп алған. Ересектердің 50 па-
йызы кітапты мүлде оқымайды. 2008 жылдан кейін 
жағдай өзгерген болуы мүмкін. Дегенмен, қаржылық-
экономикалық дағдарыс та кітап нарығын ойсыра-
тып кеткенін айтуға тиіспіз. Бұған Қазақстанның Ба-
тыстан Шығысқа, Шығыстан Батысқа ауып жатқан 
ақпарат тасқынының бел ортасында екенін қосыңыз. 
Мәдени провинция ретінде еліміз сырттан келетін 
интеллектуалдық өнімді тұтынуға мәжбүр. Әдеби 
өміріміз туралы айтқанда, қазақ тілінде балалар мен 
жасөспірімдерге арналған басылымдардың жеткілік-
сіз екенін де айтуымыз керек. Түрлі жанрдағы шетел 
әдебиетін сапалы әрі уақтылы қазақ тіліне аудару да 
кеш қалып отыр. Шығатын кітаптардың ассортимен-
ті мен таралымы аз, жанрлар тұтас қамтылмайды, 
сонымен бірге олардың сапасы да нашар. Соған 


[ 160 ]
Күміс кітап
қарамастан, Қазақстандағы кітап нарығының дамуға 
толық мүмкіндігі бар. Оның үстіне, өзгерісті күтіп 
отырмай, өзінен бастағысы келетін энтузиастар бар. 
Бақытжан Бұқарбай – солардың бірі. Бақытжанның 
«Күміс кітабы» ойлы оқырманын тауып, еліміздің 
мәдени дамуына айтарлықтай үлес қосады деуге бо-
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет