Реферат экг-ні тіркеу және талдау қағидалары Орындаған: Михаил Әлия



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата26.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#52835
түріРеферат
1   2   3   4   5
 
І-тіркелім: оң қол - сол қол; 
 
ІІ-тіркелім: оң қол - сол аяқ; 
 
ІІІ-тіркелім: сол қол - сол аяқ . 
Сонымен қатар Гольдбергер бойынша үш униполярлы күшейтілген 
тармақтар тіркеледі: aVR; aVL;aVF. Стандартты тіркелімдерді тіркеу үшін 
қолданылатын екі электродты күшейтілген тіркелімдерді тіркеу кезінде 
біріктіріп, осы біріккен электродтар мен белсенді электродтар арасындағы 
потенциалдар айырмасы тіркеледі. Мысалы, aVR кезінде оң қолға байланған 
электрод белсенді болып табылады, ол aVL кезінде- сол қолға, aVFкезінде- 
сол аяққа байланған электрод белсенді болып табылады. Вильсон кеудеде 6 
тіркелімді тіркеуді ұсынды 
Үш стандартты тіркелімдегі тістер шамалаларының өзара қатынасын 
Эйтховен тағайындаған. Ол II – ші стандартты тіркелімде тіркелген жүректің 
электр қозғаушы күшінің I- ші және III- ші тіркелімдердегі электр қозғаушы 
күштерінің қосындысына тең болатындығын анықтаған. Тістердің биіктігі 
ЭҚК-ң көрінісін (мәнін) анықтайды, сондықтан II- ші тіркелімнің тістері 


өзінің шамалары бойынша I – ші және III- ші тіркелімдердегі тістердің 
алгебралық қосындысына тең. 
Екінші электрод ретінде екі қолға және сол аяққа орнатылған бірге қосылған 
үш электрод алынады. Осы кезде ЭКГ түрі кеуде электроды орналасқан 
бөліктегі электрлік өзгерістерді ғана айқындайды. Аяқ-қолдарға (үшеуіне) 
орнатылған біріккен электрод индифферентті болып табылады , немесе 
«нөлдік», себебі оның потенциалы бүкіл жүрек циклі бойы өзгермейді. 
Осындай 
электрокардиографиялық 
тіркелімдер 
униполярлы 
немесе 
бірполюсті деп аталады. Осы тіркелімдер V латын (V1, V2 және т. б.) әрпімен 
белгіленеді. 
II- ші стандартты тіркелімде алынған адамның қалыпты ЭКГ-сы 5- суретте 
көрсетілген. 
ЭКГ-ны талдау кезінде тістердің амплитудасы мВ (mV)-пен анықталады, 
олардың өту уақытын, сегменттердің ұзақтылын секундпен өлшейді. Сегмент 
дегеніміз көрші тістер мен белгілі бір тіс пен оған іргелес сегменті бар 
интервалдар арасындағы изопотенциалды сызықтың бөлігі. 
ЭКГ- ң қалыптасуы (оның тістері мен интервалдарының) жүректе қозудың 
таралуын және осы үрдісті білдіреді. Қозатын жүйенің бөліктері арасында 
потенциалдар айырмасы болған кезде, яғни жүйенің қандай да бір бөлігі 
қозып, екіншісі қозбаса, тістер пайда болып, дамиды. Изопотенциалды сызық 
қозатын жүйеде потенциалдар айырмасы болмаса, яғни барлық жүйе қозбаса 
немесе керісінше қозса, пайда болады. Тіркелген ЭКГ жүрекше мен қарынша 
жиырылғыш миокардының тізбектелген қозумен қамтылуын білдіреді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет