Шетел тілдер факультетінің 4-курс студент- практикантының зерттеу жұмыстарын әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету дәрежесі мен сапалық көрсеткіші


Эстетикалық тәрбие сағаттарының үлгі жоспары



Pdf көрінісі
бет51/63
Дата26.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#52876
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі . Ж банов а

Эстетикалық тәрбие сағаттарының үлгі жоспары 
 
Тақырыбы: 
«Халық өнері – асыл қазына» 
Мақсаты: Ұмыт болған салт-дәстүрлерді дәріптеу 
оқушылардың өз халқына, ұлтына, туған жерге деген 
сүйіспеншілігін арттыру. 
Көрнекілігі: Ұлағатты 
сөздер 
жазылған 
плакаттар, 
суреттер, буклеттер, ер ағалар есімі атты альбом. 
Тәрбие сағатының барысы:
І. Кіріспе сөз. 
Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Сіздер бүгінгі «Халық өнері 
асыл қазына» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Әр 
ұлттың өзіндік ерекшеліктері салт-дәстүрі, тілі болатыны 
белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана 
әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. 
Халқымыздың әдет-ғұрпы мен дәстүрін біліп, оны 
қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына 
айналдыру - азаматтық борышымыз. 
Хор «Қазақы дастарханым» 
ІІ. Әр топ өздерін жеке-жеке таныстырып өтеді. 
«Мұрагер» тобының ұраны: Салт-дәстүрлерді қастерлеп 
сақтаймыз. 
1-ші оқушы: 
Ассалаумағалейкум, халқым менің 
Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім. 
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңдектің жемісі бәрің жегін. 
2-ші оқушы: 
Біздер бұрын көрмеген 
Салт-дәстүрім өлмеген 
Үйренеміз дәріптеп 
Заманымда өрлеген 
Біздің тобымыз: Құлагер 


110 
Ұранымыз: Ата-бабамыздың өнерін, салт-дәстүрін әрі 
қарай жалғастырамыз. 
3-ші оқушы: 
Егемен болмай ел болмас, 
Етек жеңі кең болмас, 
Терезесі тең болмас, 
Енді қазақ кем болмас. 
4-ші оқушы: 
Мәнге толы қазағымның ғұмыры 
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры 
Кеше ғана керексіз қып тастаған 
Ғажап екен қазағымның ғұрыпы 
Сәнге толы қазағымның тірлігі 
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі 
Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді 
Сезіміңді серпілтетін жыр гүлі. 
5-ші оқушы: 
Әнге толы бабалардың даласы 
Ақ пейілді баласы мен данасы 
Ардақтылар ақтаңдақтар көрінбей 
Күлгін тартты артып дұшпан жаласын 
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз 
Болашақтың қасиетті көзіміз 
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз 
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз. 
6-ші оқушы: 
Қазақ жері – қонақжай төрлер жері 
Қазақ елі қас сақтай ерлер елі 
Елі кедей болмаған – жері байтақ 
Едігедей, Бабырдай шерлер елі 
Азат бүгін байлыққа тұнған елім 
Азап жүгін, ел жауын қуған ері 
Әділет пен бірлікке жанын қиып 
Әділ өткен билердің туған елі. 


111 
7-ші оқушы: 
Қазақ жері көп шеккен қасіретті, 
Қазақ елі өнерлі, өсиетті. 
Египетті билеген Бейбарыстың, 
Елі текті, киелі, қасиетті. 
8-ші оқушы:
Қазақ жері көп шеккен қасіретті, 
Қорлаған жау басқыншы халыққа мұң. 
Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстар, 
Қорғап қалды ел бағын алыптарым. 
9-ші оқушы: 
Бауыр басқан тәніміз 
Бұзылмаған антымыз, 
Кең даланың ежелгі қазақ дейтін халқымыз 
Өзге ұлттай бар дәстүрі мен салтымыз. 
Мұғалім: 
Алты алаш деген кім?
Алты алаш – Алаша ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, 
Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Жайылған. 
Үш жүз деген кім? 
Үш жүз қазақтың ағайынды үш баласы: Ақарыс, Бекарыс, 
Жанарыс. 
10-шы оқушы: 
Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтекем 
Асқар тау, Қазығұрттай білімді еді 
Бірі күн, бірі туған айдай болып 
Заманға сәйкесімен келіп еді. 
Біздің ата бабаларымыз данышпан шешен болған олар кез 
келген сұрақтарға, жұмбақтарға ойланбай жауап берген. 
Көрініс:
Әз-Жәнібек сұрайды: Дүниеде не өлмейді? 
Би: Ағын су өлмейді, асқар тау өлмейді, аспанда ай мен 
күн өлмейді, әлемде қара жер өлмейді. 
Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығыпты. 


112 
Жиренше: 
Ағын судың өлгені, 
Алты ай қыста қатқаны 
Асқар таудың өлгені
Басын бұлттың жапқаны
Ай мен күннің өлгені 
Еңкейіп барып батқаны
Қара жердің өлгені қар астында жатқаны 
Ажал деген атқан оқ 
Бір Алланың қақпаны 
Жақсының аты өлмейді 
Ғалымның хаты өлмейді 
Мұғалім: Балалар он түрлі жұмбағым бар, сіздер 
шешесіңіздерме? 
Оқушы: Айтыңыз, шешеміз. 
Мұғалім: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, 
төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он. 
Бір дегеніміз бірлігі кеткен ел жаман 
Екі дегеніміз егесіп өскен ер жаман 
Үш дегеніміз шідеріне шалынған ат жаман 
Төрт дегеніміз төсектен безген жас жаман 
Бес дегеніміз белдесіп өткен жау жаман 
Алты дегеніміз асқынып кеткен ауру жаман 
Жеті дегеніміз жас келіншек жесір қалса сол жаман 
Сегіз дегеніміз сыйы кеткен ер жаман 
Тоғыз дегеніміз торқалы той, топырақты өлімге бас 
көрсетпесе сол жаман 
Он дегеніміз оңалмас кәрілікке дауа болмас 
11-ші оқушы: Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса 
ас көп. 
12-ші оқушы: Жалғыздың аты шықпас, жаяудың шаңы 
шықпас. 
13-ші оқушы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар. 


113 
14-ші оқушы: Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың 
тынысы бар. 
Хор «Ата дәстүрлері-ай» 
«Бесікке салу» дәстүрі 
Бесік көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған 
қасиетті мұра. Қазақта ел боламын десең бесігіңді түзе. 
Есік көргенді алма, бесік көргенді ал деген ұлағатты сөздер 
бар. 
Әже бесікті ашып: 
Алас-алас, 
Бар пәледен қалас, 
Асқар-асқар таумен кет, 
Ағыны қатты сумен кет, 
Тастай қаткен түнмен кет,
Ұйытқып соққан желмен кет, 
Бисмиллә балам, 
Ұйқың тәтті болсын, 
Күлкің шатты болсын,- деп бесікке салады. 
Ана:
Әлди-әлди ақ бөпем 
Ақ бесікке жат бөпем, 
Жылама бөпем, жылама, 
Жілік шағып берейін 
Көкала иттің құйрығын
Жіпке тағып берейін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет