Elmira HAMITOVA 42
үгіту – салу,тығу; шалысу – тырысу; сона – сырғаның түрі; сес – әдейі; сәл-құм,
қуат; дерек – керек; деректі – жауапты т.б.
Туынды диалектизмдер – әдеби тілдегі сөздерге диалектизмге тән
жұрнақтар жалғану арқылы жасалған диалектизмдер. Мысалы: жүрдемел – жүрдек; шәйгөн – шайнек; сұрамжал – сұраншақ; мейманқос – меймандос; тұзды – тұздық; белегір – белес; жұқана – жұғын; немелтай – немере т.б.
Диалектизм әдеби тілден тыс құбылыс, дегенмен оның әдеби тілді
толықтыруға, байытуға үлесі мол. Халық тұрмысында ғылым мен техниканың
дамуына байланысты көптеген жаңа ұғымдарға атау табу қажеттігі туғанда, халық
қазынасы ретінде пайдаланылатын сөздер – диалектизмдер. Мысалы, марля сөзінің баламасы ретінде – дәке, носилка сөзінің баламасы ретінде – зембіл, подряд сөзінің баламасына – мердігер, минералды су мағынасында – арасан сөздері әдеби тілге диалект қатарынан ауысты. Әрине, диалектизмнен әдеби тіл
қатарына өткен сөздер мағынасын кейде өзгертіп, кеңейтуі мүмкін. Мысалы,
мердігер сөзі Оңтүстік Қазақстан халқы арасында «жалданып жұмыс істеуші»
деген мағынада қолданылатын. Ал, әдеби тілге енгенде жеке бас қамын күйттеуші
емес, қоғамдық еңбекке қатысты шарт негізінде атқарылатын ұжымдық еңбекке
айтылатын болды (Айғабылұлы 2013: 52-53).
Әдеби тілді зерттеуде алда тұрған алынбаған талай бел-белестер, асулар
бар. Әлі ашылмай, табылмай жатқан қыруар нұсқаларды іздестіру жұмысын
былай қойғанда, қолда бар мұралардың тілі толық зерттелмей келе жатыр.
Мысалы, шығыс түріктерінің, яғни Қарахан әулеті билеген жерлердегі түркі
тайпаларының тілінде жазылған ескерткіштер; оғыз, әсіресе, қыпшақ
тайпаларының тілінде жазылған, шағатай, орта азиялық түркі жазба әдеби тілінде
жазылған шығармалар тілі және т.б. Орта ғасыр ескерткіштерінің тілін зерттеу тек
әдеби тіл тарихы үшін ғана немесе жалпы қазақ тілі тарихы үшін ғана емес,
тарихи
лексикология,
тарихи
фонетика
мен
диалектология,
тарихи
грамматикамен байланысты проблемалық мәселелерді шешу үшін де қажет.
Одан кейінгі дәуірде ауыз әдебиеті, жазба ескерткіштерінің тілін газет, журнал
мақалалары деңгейінде ғана зерттемей, жоспарлы түрде монографиялық
дәрежеде зерттеу жұмысын үдете түсу керек (Тасымов 2014: 12).
Дегенмен, көне түркі тілінің диалектілік жіктелуін сөз ететін болсақ, VІІ-ХІ
ғасырлардағы руникалық, манихей және ұйғыр жазба ескерткіштері тыңғылықты
зерттеулерге қарағанда көне түркі тілінің әртүрлі диалектілерін қамтиды. Көне
түркі жазба ескерткіштеріндегі диалектілік ерекшеліктер тек фонетикалық
(орфографиялық), лексикалық және кейбір грамматикалық ауытқулардан көрінеді.
В.В.Радлов атап көрсеткендей, көне түркі тілі негізінен біртұтас еді, ал диалектілік
ерекшеліктер
әртүрлі
жазудағы
ескерткіштер
орфографиясын
мұқият
қарастырғанда болмашы түрде арагідік байқалады.
Руникалық көне түркі жазуы Орталық Азия мен іргелес аймақтарда
негізінен, түркі қағанатының (VІ-VІІІ ғ.ғ.) шығыс және батыс бөлігінде кең
қолданылды. Бұл мемлекетке әр түрлі қыпшақ, оғыз, қарлұқ, ұйғыр, татар,
құрықан, түргеш, чік, басмыл сияқты тайпалар енді. Түрк сөзі «күшті, қуатты»
мағынасымен түркі қағанатында билеуші үстем тайпаның атауы болды. ХІ