6.5.
151
Қарапайымдылық принципі. Ең көп таралған операциялар барынша
орындалуы керек. Бұл ретте біршама күрделі процедураларға сілтемелер
болуы керек.
Көрінушілік принципі. Белгілі бір міндеттерді шешуге қажетті
барлық функциялар мен деректер пайдаланушы шешу үшін көрінетін
болуы тиіс.
Кері байланыс принципі. Пайдаланушы жүйенің қызметі және оның
ішіндегі маңызды оқиғалар туралы хабарламаларды алуы тиіс.
Хабарламалар ақпараттық, қысқа, бір мағыналы және пайдаланушы
үшін түсінікті тілде болуы керек.
Толеранттылық принципі. Интерфейс пайдаланушының қателеріне
икемді және шыдамды болуы керек. Қателерден болатын залал
әрекеттерді болдырмау және қайталау мүмкіндіктері есебінен және
пайдаланушының әрекеттерінен және олар енгізген деректердің
интерпретациясы
есебінен
азаюы
керек.
Мүмкіндігінше
пайдаланушының еркіндігін шектеуге негізделген міндеттемелі өзара
әрекеттерден (модальды диалогтар) алшақ болу қажет.
Қайта пайдалану принципі. Интерфейстің жеңілдігін және оның
ұқсас элементтер арасындағы ұқсастықты қамтамасыз ете отырып, ішкі
және сыртқы компоненттерді бірнеше рет пайдалануға тырысу қажет.
Адам-машиналық интерфейс пайдаланушы мен компьютердің
арасындағы байланысты қамтамасыз етеді - ол қойылған мақсатқа
табыспен жетуге мүмкіндік береді. Өзара байланыс - компьютер мен
пайдаланушының арасындағы осы әрекеттерге реакциялар және
әрекеттермен алмасу.
Эргономикалық интерфейсті құру мақсаты адамның қабылдауы
үшін қаншалықты мүмкін болса, ақпарат соншалықты тиімді бейнелеу
үшін, және дисплейде ең маңызды ақпарат бірліктеріне құрылымдайды.
Негізгі мақсат жалпы ақпаратты минималды етіп, пайдаланушы үшін
қажетті болып табылатындарды ғана азайтуға болады.
Экранда бейнеленетін ақпараттың саны экранның толықтығы деп
аталады. Зерттеулер экран тығыздығы қаншалықты аз болса,
бейнеленетін ақпарат да қолжетімді және пайдаланушыға түсінікті
болады, және керісінше, егер экран тығыздығы үлкен болса, бұл
ақпаратты меңгеруде қиындық тудыруы мүмкін және анық түсінуге
мүмкіндік береді. Тәжірибелі пайдаланушылар үлкен экранды
тығыздығы бар интерфейстерді артық көреді. Экранда ақпарат
топтастырылып, маңызды бөлшектерге жеңіл бөлінуі мүмкін. Бұл түстік
кодтау кадрларын (фреймдерді), әдістерді қолданумен қол жеткізілуі
мүмкін, назар аудару үшін кері бейнелеу немесе басқа әдістермен қол
жеткізілуі мүмкін.
Интерфейстің қандай да бір элементтеріне назар аудару үшін
басқалардың аясында - біршама сұр түстің аясында ашық болуының осы
152
элементтермен бөлінуін пайдалануға болады. Бірақ, бұл әдісті шамадан
тыс қолданудың қажеті жоқ, себебі ашық элементтердің көп болуы
пайдаланушыларға қолайсыздық тудырады. Осылайша, кері әсерге
жетуге болады - интерфейстің шамадан тыс жүктелуі. Бұл әдісті тек
қажет болғанда қолдану керек.
Түс пайдаланушының интерфейсін жақсартуы мүмкін, бірақ
көптеген жүйелер үшін түстерді пайдалану пайдаланушының
жұмысының тиімділігіне әсерін тигізбейді. Түстердің негізгі маөсаты -
пайдаланушылар үшін біршама қызықты интерфейстерді құру. Сонда
да, түстер пайдаланушы интерфейстерін жобалаушыларға көмегін
тигізген жағдайлар да бар. Бұл түстер ақпараттарды топтастырғанда;
ақпараттардың арасындағы айырмашылықтарды бөліп көрсеткен
жағдайда; қарапайым хабарламаларды (қателерді, күйін және т.б.) бөліп
көрсеткен кезде біршама ұтымды.
Түс - көзбен көрсететін қуатты құрал, бірақ оны абайлап қолдану
қажет, ол пайдаланушының түстерді қате үйлестіруін болдырмас үшін
керек.
Эргономикалық интерфейсті жобалаған кезде басшылыққа алу керек
болатын түстерді пайдаланудың кейбір принциптері:
■
экрандардың жүйелі болуы үшін 7-ге дейін және экранда 4-ке дейін
түстердің санын шектеу керек;
■
актив емес элементтер үшін өңсіз түстерді пайдалану керек;
■
егер түстер ақпаратты кодтау үшін қолданылса, пайдаланушы кодты
дұрыс түсінетіндігіне көз жеткізу керек, мысалы, төленбеген шоттар
қызыл түспен белгіленеді;
■
түстерді пайдаланушының түсінігіне орай қолдану керек, мысалы,
картограф үшін жасыл - орман, сары - шөл, көк - су; химик үшін
қызыл - ыстық, көк - суық және т.б.;
■
күйін бейнелеу үшін: қызыл түс қауіпті білдіреді / тоқта, жасыл түс
жұмыстың жалғасатындығын, сары - ескерту белгісін білдіреді;
■
назар аударту үшін ең тиімді ақ, сары және қызыл түстер;
■
деректерді жеңіл түсіну үшін 7 түс (кемпірқосақ) спектрі
қолданылады;
■
деректерді бөлу үшін түстердің түрлі спектрінен таңдап алу керек
(қызыл/жасыл, көк/сары, кез келген түс/ақ;
■
деректерді топтастыру, біріктіру және осыған ұқсас топтастыру үшін
спектрдегі көршілес болатын түстерді қолдану қажет (қызғылт сары
түс/сары, көк/күлгін).
Экрандағы ақпараттың орналасуына назар аудару керек. Деректерді
пайдаланушы қажетті ақпаратты қайдан және қалай тауып алу керектігін
білдіретіндей орналастыру керек:
■
назар аудару қажет болатын ақпарат пайдаланушының назарын
алатындай көрінетін орында әрдайым «мысалы, ескертуші
153
хабарламалар мен қателер туралы хабарламалар көрсетілуі керек);
■
жиі көру қажет емес ақпарат (мысалы, анықтама құралдары)
көрсетілмеуі керек, бірақ ол қажет кезде қолжетімді болуы керек.
Мысалы, Анықтама немесе тиісті мәзір опциясы әрбір экранда
қолжетімді болуы керек;
■
тым шұғыл емес немесе тым қажетті емес ақпарат пайдаланушының
алдында үнемі тұрмауы керек, бірақ қажет болған кезде қолжетімді
болуы керек.
Мәтіндік диалогтар мен бейнелерді құрған кезде басшылыққа алу
керек болатын кейбір принциптерді келтірейік:
■
төменгі регистрдегі мәтін жоғарғы регистрде толық басылған мәтінге
қарағанда шамамен 13% жылдамырақ оқылады;
■
жоғарғы регистрдің символдары назар аударатын ақпарат үшін
біршама тиімді. Қандай да бір ақпаратты бөліп көрсеткіңіз келмесе,
онда жоғарғы регистрді қолданбаңыз;
■
оң жақ шеті бойында түзетілген мәтінді оң жақ өріспен түзетілмеген
тең бөлінген мәтінге қарағанда оқу қиынырақ;
■
жолдардың арасындағы оңтайлы аралық тең немесе символдардың
биіктігіне қарағанда үлкенірек.
Автоматтандырылған жүйенің қажетті элементі - мәзір, ол
пайдаланушыға қосымшалардың ішіндегі міндеттерді орындауға және
шешім қабылдау процестерін басқаруға мүмкіндік береді.
Мәзір - пайдаланушылар әрекеттерін таңдай алатын және орындай
алатын, осы арқылы интерфейстің күйіне өзгертулер жүргізе алатын
экранда көрсетілетін опциялардың жиынтығы.
Мәзірдің артықшылығы пайдаланушылардың элементтің аты немесе
әрекеттердің атын есте сақтауы міндетті емес, олар орындауы керек -
олар оны мәзір тармақтарының арасынан тануы керек. Осылайша,
мәзірді тіпті тәжірибелі емес пайдаланушы да қолдана алады. Алайда,
мәзір жобасы мұқият ойланып жасалуы керек - мәзір тиімді болуы үшін
мәзір тармақтарының атаулары да анық болуы керек.
Мәзір экран орнының біразын алуы мүмкін, алайда бұл
проблеманың шешімі бар - қалқыма немесе төмен түсетін мәзір.
Иконканы басқан кезде мәзір жолы немесе өзге объекті қалқымалы
немесе төмен түсетін мәзірді шақыртады.
Жүйені жобалау процесінде қосымшалар мәзірін түсінікті және
қолдану кезінде жеңіл болатындай ең жақсы тәсілмен мәзірді бейнелеуді
қабылдау керек. Әдетте, мәзір командалары кейбір иерархиялық
тәсілмен жеңілдендіріліп жасалған. Негізгі проблема мәзір тармақтарын
түрлі деңгейлер бойынша дұрыс тарату және оларды дұрыс
топтастыруда болады. Мәзірді жобалау принциптері:
■
мәзір құрылымы шешілетін жүйелік міндеттің құрылымына сәйкес
болуы керек, мәзірді ұйымдастыру алға қойылған міндеттерге қол
154
жеткізу үшін қадамдардың ұтымды бірізділігін беруі керек;
■
мәзір тармақтары қысқа, грамматикалық дұрыс және мәзірдегі өзінің
тақырыбына сәйкес келуі тиіс. Мәзір тармақтарының тәртібі
келісімге,
пайдалану
жиілігіне,
пайдалану
тәртібіне
пайдаланушының немесе қойылған міндеттердің қажеттілігіне қарай
таңдап алынады;
■
мәзір тармақтарын таңдау бірнеше тәсілмен қамтамасыз етілуі тиіс -
пернетақтаның
немесе
тінтуірдің
көмегімен,
сондай-ақ
пайдаланушы интерфейсінің өзге объектілері арқылы. Мәзір
тармақтарына жылдам қатынау үшін пернелердің есте сақталатын
жеңіл үйлесімін қолдануға болады, себеі бұл уақытты жақсы
үнемдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |