К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу


Бағдарламалық қамсыздандырудың сапасы



Pdf көрінісі
бет106/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   195
Байланысты:
foreign 745

Бағдарламалық қамсыздандырудың сапасы - бұл бағдарламалық 
қамсыздандыру сипаттамаларының жиынтығы, оның талаптарға 
сәйкестілік дәрежесін көрсетеді. Бұл ретте талаптар кең ауқымда 
түсіндіріліп берілуі мүмкін.
ISO 9126 стандарты БҚ сапасын қарастырғанда кезде үш қырынан 
алып қарауды ұсынады: 
■ 
БҚ ішкі сапасын қабылдайтын әзірлеушілердің көзқарасынан; 
■ 
БҚ сыртқы сапасы айқындалатын барыста оған қойылатын 
талаптарға қалыптастырылған сәйкестікте БҚ басшылығы мен 
аттестация көзқарасынан; 
■ 
Пайдалану кезінде БҚ сапасын сезінетін пайдаланушылардың 
көзқарасынан. 
Барлық үш жағдайларда сапаны сипаттау үшін көп деңгейлі модель 
қолданылады, ол сапа мақсаттарынан (факторларынан), атрибуттарынан 
(белгілерінен) және метрикаларынан тұрады. Мақсаттар (факторлар) 
жоғарғы деңгейде БҚ бар немесе болуы керек негізгі сипаттамаларын 
анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір фактор күтілетін немесе алынған 
сипаттамаларын біршама егжей-тегжейлі сипаттамаларын сапалы түрде 
сипаттауға мүмкіндік беретін атрибуттар (белгілер) жиынтығынан 
тұрады. Әрбір атрибут тиісті сипаттамаларының болуын сандық 
мағынада бағалауға мүмкіндік беретін метрика жиынтықтарын 
қолдайды (7.1-сурет). 
1. Функционалдық 
мүмкіндіктері 
(функционалдық 


160 
жарамдылығы) - техникалық тапсырмаға және тапсырыс берушінің 
талаптарының сипаттамасына немесе әлеуетті пайдаланушыға сәйкес 
келетін 
бағдарламалық 
құралдың 
тағайындалу 
мақсатын, 
номенклатурасын, негізгі, қажетті және жеткілікті функцияларын 
айқындайтын сипаттамаларының жиынтығы: 
■ 
қорғалу - бағдарламалық құралдың компоненттерінің бағдарламаны 
және ақпаратты кез келген теріс әсерден қорғау қабілеті; 
■ 
дәлдік - пайдаланушы үшін дұрыс немесе қолайлы нәтижелері мен 
сыртқы әсерлерін қамтамасыз етуге бағдарламалық құралдың 
қабілеті;
■ 
өзара әрекет етуге қабілеттілігі - ішкі және сыртқы ортаның бір 
немесе 
бірнеше 
компоненттерімен 
өзара 
әрекеттесетін 
бағдарламалық құралдар мен олардың компоненттерінің қасиеті; 
■ 
келісушілік - жобалау стандарттары мен ережелеріне сәйкестілік. 
2. Сенімділік - бұл берілген режимдерде және қолдану шарттары 
мен техникалық қызмет көрсетуде талап етілген функцияларды істен 
шықпай 
үздіксіз 
орындау 
қажеттілігі 
бар 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың 
қабілеті. 
Сенімділік 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың тірек көрсеткіші болып табылады:
■ 
тұрақтылық - бағдарламалық қамсыздандыруда қателер болғанда 
істен шығудың жиілігі; 
■ 
қателерге беріктілік - бағдарламалық қателер немесе белгілі бір 
интерфейс бұзылғанда жұмыс істеу сапасының белгілі бір деңгейін 
ұстау қабілеті; 
■ 
қалпына келушілік - істен шыққаннан кейін қажетті ресурстар мен 
уақыт үшін деректердің тұтастығы мен жұмысқа қабілеттілігінің 
белгілі бір деңгейін қалпына келтіру қабілеті. 
3. Қолданылушылық (қолдану ыңғайлылығы) - бағдарламалық 
құралды түсіну. Зерделеу және пайдалану, сондай-ақ білікті 
пайдаланушылар 
үшін 
аталған 
жағдайларда 
қолданғанда 
тартымдылығын негіздейтін бағдарламалық құралдың қасиеттері: 
■ 
түсініктілік - пайдаланушының жалпы логикалық концепциясы мен 
оның қолданылуын түсіну дәрежесі;


161 
7.1-сурет.Бағдарламалық қамсыздандырудың сапа көрсеткіштері


162 
■ 
оқытылу - пайдаланушының бағдарламалық қамсыздандыруды 
қолдануды оқыту жөніндегі күш-жігерінің дәрежесі (мысалы, шұғыл 
басқару, енгізу, шығару); 
■ 
қолдану қарапайымдылығы - пайдаланушының пайдалану және 
шұғыл басқару жөніндегі күш-жігерінің дәрежесі. 
4. Тиімділігі (өнімділігі) - белгіленген жағдайларда қолданылатын 
есептеу ресурстарының санын есепке ала отырып, функционалдық 
міндеттерді шешудің талап етілген өнімділігін қамтамасыз ететін 
бағдарламалық құралдың қасиеттері: 
■ 
уақытша үнемділігі - шақыру және өңдеу уақыты, сондай-ақ 
бағдарламалық 
қамсыздандыру 
функцияларын 
орындау 
жылдамдығы; 
■ 
ресурстарды пайдалану тиімділігі - белгілі түрдегі ресурстардың 
берілген көлемін пайдалана отырып, қажетті міндеттерді шешу 
қабілеті. Шұғыл және ұзақ уақытқа жады сияқты ресурстармен бірге 
желілік қосылу, енгізу және шығару құрылғылары бар және 
басқалары. 
5. Сүйемелденуі - бағдарламалық құралдың конфигурацияларын 
және функцияларын өзгертуге және түрін өзгертуге қабілеттілігі: 
■ 
талдануы (талдауды өткізу ыңғайлылығы) - қателерге, ақаулар мен 
кемшіліктерге талдау жүргізу ыңғайлылығы, сондай-ақ, өзгерту 
қажеттілігі мен ықтимал салдарын талдау қажеттілігі; 
■ 
өзгертулерді енгізу қолайлылығы - қажетті өзгертулерді орындауға 
жұмсалатын көрсеткіш, кері еңбек шығындары; 
■ 
тұрақтылық (беріктілік) - қажетті өзгертулерді енгізу кезінде 
кездейсоқ тиімділіктердің пайда болуының кері тәуекелі, көрсеткіші; 
■ 
тестіленуі (тексеру қолайлылығы) - енгізілген өзгертулер қажетті 
нәтижелерге тексеру түрлері мен тестілеуді жүргізуге кері еңбек 
шығындары, көрсеткіші. 
6. Жинақылық - бағдарламалық қамсыздандырудың бір шеңберден 
басқасына ауысуы мүмкін қабілеті: 
■ 
бейімделгіштігі - бұл нақты пайдалану жағдайларына бағдарламалық 
қамсыздандырудың бейімделу қабілеті, осы қарастырылып отырған 
бағдарламалық қамсыздандыру үшін арналған өзге әрекеттер немесе 
тәсілдерді қолданусыз; 
■ 
енгізу қарапайымдылығы - бұл нақты айналада бағдарламалық 
қамсыздандыруды енгізуге қажетті күш-жігердің дәрежесі; 
■ 
сәйкестілігі - бағдарламаның жинақтылыққа қатысты стандарттар 
немесе келісімдерге бағынуын 
тудыратын 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың атрибуттары; 


163 
■ 
өзара алмасушылық - белгілі бір қоршаған айналада міндеттерді 
шешу үшін нақты бағдарламалық құралдың орнына басқа 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың 
қолданылуының 
еңбек 
сыйымдылығы дәрежесі сипатталады.
Берілген сапа атрибуттары стандартта бекітілген, бірақ, бұл 
бағдарламалық қамсыздандыру сапасының ұғымын толық алып 
тастайды. Аталған сипаттамалар кейбір мамандар үшін осы 
стандарттарда сипатталған біршама күрделі болып көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет