210
жоба және шешім түрлерін құруды сүйемелдеу; кеңейтулерді құру
механизмі. Заманауи бағдарламалар құру барысында жиі әртүрлі
қосымшалар құру талап етіледі - консолды, веб-қосымшалар және веб-
сервистер, мобилді қосымшалар, бұлттық қосымшалар және басқалар.
Осы түрлердің әрқайсысына бастапқы код файлдарының, сондай-ақ
конфигурациялық файлдардың өзіне тән құрылымын жасау талап
етіледі. Заманауи кіріктірілген орталар, бастапқы код үлгісін ұсына
отырып және жоба үшін автоматты түрде қажетті конфигурациялық
файлдарды түрлендіре отырып, әртүрлі жоба түрлерінің құрылуын
автоматтандырады. Бүгінгі уақытта кодтың дайын үлгілерін
пайдаланбастан бағдарламалауды елестету қиын, бұл қателікке алып
келетіндігі сөзсіз, мысалы, қолмен қайсыбір файлды, жобаның
ажырамас бөлігін құруды ұмытып кету және кодтың қайсыбір маңызды
үзіндісін назардан шығарып алу өте оңай. Сол себептен әртүрлі жоба
түрлерін кіріктірілген орталармен қолдау ерекше маңызды. Мұнан
басқа, заманауи кіріктірілген орталарда жобалардың болжалды түрлерін
жиынтықтау кеңейтілетін болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: