К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет137/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   195
Байланысты:
foreign 745

UML 
біркелкіленген 
модельдеу 
тілінде 
бағдарламаның 
құрылымын модельдеуді сүйемелдеу. Заманауи кіріктірілген орталар 
екі бағыт бойынша UML тілін пайдалануды қолданады: бастапқы код 
бойынша модельді және сәйкес бағдарламаны іздестіру және, керісінше, 
бастапқы кодты (үлгісін) дайындалған үлгі бойынша іздестіру. 
Әуелгі кезде кіріктірілген орталар қайсыбір бастапқы тілде 
бағдарламалауға дайындалды. Дегенмен, бара-бара осындай монотілдік 
кіріктірілген орталардың көптілдіктерге айналу беталысы байқалды, 
себебі әртүрлі тілдердегі жобаларды құру үшін ұқсас қағидалар мен 
механизмдер қолданылады және, сонымен бірге кейде үлкен жобада 
әртүрлі тілде жазылған бағдарламалардың үзінділерін пайдалану 
қолайлы. Мысалы, өте ертеректегі тілде жазылған (мысалы, Си), дайын 
мұрагерлік кодты, қайтадан жазбас үшін, пайдалануды қалаймыз, 
мысалы, C# тілінде, жобаға енгізу жалғыз мақсатымен.
COM КОМПОНЕНТІК ҚҰРАСТЫРУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
____________________________________ 
СОМ компоненттік құрастыру технологиясы стандартты механизмді 
анықтайды, оның көмегімен бағдарламалық қамсыздандырудың бір 
бөлігі, іске асыру амалдарына қарамастан, өзінің сервистерін басқасына 
ұсынады. 
COM (Component Object Model, компонеттердің нысанды моделі) - 
бұл өзара әрекеттесуші клмпоненттердің негізінде бағдарламалық 
10.3.
 


211 
қамсыздандыру құруға арналған Microsoft компаниясы ұсынған 
технологиялық, олардың әрқайсысы көптеген бағдарламаларды бір 
мезетте қолданыла алады.
Стандарт нысанға бағытталған бағдарламалаудың қапшықтануы 
және полиморфизм идеясін өзіне іске асырады. Windows COM заманауи 
нұсқаларында кең түрде пайдаланылады. COM негізінде Microsoft OLE 
Automation, ActiveX, DCOM, COM+, DirectX, XPCOM технологиялары 
іске асырылған.
СОМ технологиясында қосымша пайдалануға, ол үшін СОМ 
нысандарын қолдана отырып, өз қызметтерін ұсынады. Бір қосымша кем 
дегенде бір нысанды қамтиды. Әрбір нысанның бір немесе бірнеше 
интерфейсі бар. Әрбір интерфейс нысандар әдісін біріктіреді, олар 
ерекшеліктерге (деректерге) қолжетімділікті және операцияның 
орындалуын қамтамасыз етеді. Әдетте интерфейсте, бір типті 
операцияларды орындайтын немесе біркелкі ерекшеліктермен жұмыс 
істейтін барлық әдістер біріктіріледі.
Клиент нысанның қызметтеріне тек интерфейс және оның әдістері 
арқылы рұқсат алады. Бұл механизм негізгі болып табылады. Клиентке 
нысан қасиеттерінің және әдістерінің құрамы туралы түпкілікті ақпарат 
алу үшін бірнеше негізгі интерфейсті білген жеткілікті. Сол себептен, 
кез келген клиент олардың құрастыру ортасына қарамастан жұмыс 
жасай алады.
СОМ сипаттамасына сәйкес, әлдеқашан құрылған интерфейс ешбір 
жағдайларға қарамастан өзгертілуі мүмкін. Бұл СОМ негізіндегі 
қосымшаның, кез келген түрлендіруге қарамастан, тұрақты жұмыс 
қабілеттілігіне кепілдік береді.
Нысан үнемі СОМ серверінің құрамында жұмыс жасайды. Сервер 
динамикалық кітапхана немесе орындалатын файл бола алады. 
Нысанның өз қасиеттері мен әдістері болуы мүмкін немесе сервердің 
деректері мен қызметтерін қолдана алады.
Нысанның әдістеріне рұқсат алу үшін, клиент тиісті интерфейске 
нұсқаушы алуы тиіс. Әрбір интерфейс үшін өзінің жеке интерфейсі 
болады. Осыдан кейін клиент, жай ғана оның әдістерін шақыра отырып, 
нысанның қызметтерін пайдалана алады. Нысандардың қасиеттеріне 
рұқсат тек оның әдістері арқылы жүзеге асырылады.
СОМ технологиясын пайдаланатын қосымшаның құрастыру кезінде, 
құрылымдық элементтер қолданылады: 
интерфейс COM (COM Interface) - оның көмегімен СОМ нысаны 
өзінің сыртқы клиенттерге арналған функционалдық (қызметтің) 
мүмкіншіліктерін ұсынатын құрал. COM нысаны әдістер мен 
қасиеттердің әрбір жиынтығын интерфейспен қамтиды. COM кез 


212 
келген нысанның бір немесе бірнеше интерфейсі болады; 
■ 
COM (COM-server) сервері - СОМ нысанына арналған кодты 
қамтитын кейбір модуль (exe немесе dll); 
■ 
COM (COM-client) клиенті - СОМ нысанының интерфейс(тер)і 
арқылы серверден қажетті қызметтерді алатын бағдарламалық код. 
Клиент серверден не алғысы келетіндігін біледі, бірақ оның сауалы 
сервердің ішінде қалай орындалатындығын білмейді. Көптеген 
жағдайларда клиент Automation controller (дәл ActiveX-клиент 
секілді) іске асырылады; 
■ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет