237
оның стандарттарына сәйкестігіне де қатысты.
3.
Енгізу жылдамдығы. Өзгерістер жай ғана бүкіл
қосымша
бойынша таратылуы мүмкін, үлгілерді өзгерту немесе анықтамалардың
дерексіз файлын өзгерту жеткілікті.
4.
Өзгерістерге икемділігі. Метадеректер мен үлгілердің бөлінуі,
сондай-ақ генерациялау кезінде өзгерістерді енгізудің үлкен
жылдамдығы қосымшаларды оңай әрі жылдам түрлендіруге мүмкіндік
береді. Пайдаланушылық операциялар орындалуының бірнеше
нұсқасын енгізуге болады, сонымен көп
функционалдық интерфейсті
қалыптастыра отырып.
5.
Қателер мөлшерінің едәуір төмендеуі.
Пайдаланушылық
интерфейс кодымен жұмыс істеу барысында, қосымшаның басқа
деңгейлеріне жататын, көптеген
шақырулар мен командаларды
қамтитын адами фактор минимумға жеткізілген.
Пайдаланушылық интерфейстің тиімді генерациясы үшін, ең
алдымен, кодтың пайдаланушылық интерфейске қатысы жоқ көлемін
барынша төмендету қажет. Оның көлемін оңтайландыру жолымен,
сондай-ақ функциялар кітапханаларында
тиісті рәсімдерді құру және
шақыру
арқылы
төмендеткен
жөн. Сондай-ақ, максималды
құрылымдалған және иерархиялық жақсы ұйымдастырылған үлгілерді
құру қажет. Осының барлығы генерациялауға қолайлы, стандартталған
және қарапайым құрылымы бар интерфейсті алуға мүмкіндік береді.
Егер бастапқыда интерфейс нашар жобаланса және ойластырылмаса,
нашар стандартталса, онда оның осындай
қасиеттері генератормен
автоматты түрде жаңғыртылып отыратындығын ескерген жөн. Жақсы
ойластырылған интерфейс, қолмен жасалғандай генерацияланатын
болады.
Достарыңызбен бөлісу: