250
пайдаланған кезде ғана маңызды мәні болу мүмкіндігін ескерген жөн.
Silverrun-да дерекқордың сызбасын автоматтты түрде генерациялау
үшін көп тараған ДББҚ-на көпірлер бар: Oracle, Informix, DB2, Ingres,
Progress, SQL Server, SQLBase, Sybase. Деректерді қосымшаларды
әзірлеу құралдарына табыстау үшін 4GL тілдеріне көпірлер бар: JAM,
PowerBuilder, SQL Windows, Uniface, NewEra, Delphi. Барлық көпірлер
Silverrun RDM-ге тиісті ДББҚ каталогтарынан ақпаратты немесе 4GL
тілдерін жүктеуге мүмкіндік береді. Бұл жаңа платформаларға
пайдаланылып келе жатқан дерекқорды және қолданбалы жүйелерді
құжаттамалауға қайта жобалауға немесе тасымалдауға мүмкіндік береді.
Жобалауды автоматтандырудың басқа құралдарымен деректер
алмасуы үшін, сондай-ақ әртүрлі стандарттарға сәйкес арнайы есептерді
жасау үшін Silverrun жүйесінде жобалық ақпараттарды сыртқы
файлдарға берудің келесі тәсілдері бар:
■
есептер жүйесі есептің құрамындағысын репозиторийден файлға
жүктеу және мәтіндік редакторға жүктеуді және басқа есепке қосуға
мүмкіндік береді;
■
экспорт/импорт жүйесі әртүрлі жүйелермен: басқа CASE-
құралдармен, ДББҚ, мәтіндік редакторлармен және электронды
кестелермен деректермен алмасу мүмкіншілігін береді;
■
репозиторий деректеріне рұқсат алу үшін, дерекқорды басқарудың ең
көп таралған жүйелерінен барлық жобалық ақпаратты тікелей осы
ДББҚ форматында сақтау қамтамасыз етілген.
Silverrun-ның әртүрлі операциялық платформаларға арналған іске
асырулары бар, олардың арасында жобалық деректермен алмасу
мүмкіншілігімен.
Достарыңызбен бөлісу: