279
сілтемелерімен байланысты және пайдалануға жеңіл құрылымды
иеленуі үшін;
■
артық болмауы үшін (яғни, бірдей талап SRS-те бір жерден артық
жерде пайда болмауы тиіс);
■
әрбір талапты басқа талаптармен араластырмай, жеке көрсететіндей.
Артықшылық өз бетінше қате болып табылмайды, бірақ ол
қателіктің пайда болуына оңай алып келуі мүмкін. Кей кездері
артықшылық SRS-ті оқылатындай етуі мүмкін, алайда артықшыл
құжатты жаңарту кезінде проблема пайда болуы мүмкін. Мысалы, талап
тек ол пайда болған жерлердің біреуінде ғана өзгертілуі мүмкін. Ол
жағдайда SRS қайшылықты болады. Артықшылық қажет болған кез
келген кезде, түрлендірмелі ету үшін SRS анық тоғыспалы сілтемелерді
іске қосуы тиіс.
SRS, егер оның талаптарының әрқайсысы дереккөзі нақты
бақыланып отырған кезде және егер ол кейінгі құжатты әзірлеуде немесе
түрлендіруде талаптардың әрқайсысына сілтеме жасауға мүмкіндік
беретін болса,
қадағаланатын болып табылады. Қадағаланушылықтың
келесі екі түрі ұсынылады:
1)
кері қадағаланушылық (яғни, алдыңғы әзірлеу кезеңдеріне). Әрбір
талап, оның ертеректегі құжаттардағы дереккөзіне сілтеме
жасайтындығына байланысты.;
2)
тікелей
қадағаланушылық (яғни, SRS әзірленетін барлық
құжаттарға). SRS-тен алынған әрбір талаптың бір мағыналы
анықталған атауы немесе сілтеме нөмірлікі бар-жоғына байланысты.
SRS тікелей қадағаланушылығы, бағдарламалық өнім пайдалану
және сүйемелдеу кезеңіне енген кезде ерекше маңызды болады.
Кодтары мен сәулеттік құжаттарының өзгеруіне қарай, осы
өзгерістер әсер етуі мүмкін талаптардың толық жиынтығын анықтау
мүмкіндігін иелену қажет.
Достарыңызбен бөлісу: