К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу


IEEE 830 стандартымен ұсынылатын SRS құрылымы



Pdf көрінісі
бет176/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   195
Байланысты:
foreign 745

IEEE 830 стандартымен ұсынылатын SRS құрылымы: 
1. Кіріспе. 
1.1. Тағайындалуы. 
1.2. Әрекет ету саласы. 
1.3. Анықтамалар, акронимдер және қысқартулар. 
1.4. Жарияланымдар. 
1.5. Қысқа шолу. 
2. Толық сипаттамасы. 
2.1. Өнімнің мәнмәтіні. 
2.2. Өнімнің қызметі. 
2.3. Пайдаланушының сипаттамасы. 
2.4. Шектеулер. 
2.5. Жорамалдар және тәуелделіктер. 


280 
2.6. Арнайы талаптар. 
3. Талаптардың сипаттамалары. 
Қосымшалар. 
Алфавиттік көрсеткіш. 
SRS-ке «кіріспе» тұтастай SRS-ке қысқаша шолу түрінде болуы тиіс. 
«Толық сипаттамасы» бөлімі бағдарламалық қамсыздандыру әсер ететін 
жалпы факторларды және оларға қойылатын талаптарды сипаттауы тиіс. 
Бұл бөлім нақты талаптарды белгілемейді. Оның орнына ол SRS-нің 3-
бөлімінде толық анықталған және оларды түсінуге қарапайымдырақ 
ететін талаптар туралы алдын-ала мәліметтерді қамтамасыз етеді. 
«Өнімнің мәнмәтіні» қосалқы бөлімі өнімді онымен байланысқан 
басқа өнімдермен мәнмәтінінде сипаттауы тиіс. Егер өнім тәуелсіз және 
толығымен дербес болып табылса, онда бұл құжатта анық түсіндірілуі 
тиіс. Егер SRS, әдетте жиі кездесетін, үлкен жүйенің компоненті болып 
табылатын өнімді анықтаса, онда бұл қосалқы бөлім үлкен жүйенің 
талаптарының бағдарламалық қамсыздандырудың функционалдық 
мүмкіндіктерімен байланысын орнатуы, және осы жүйе мен 
бағдарламалық қамсыздандыру арасындағы интерфейсті сәйкестендіруі 
тиіс. Үлкен жүйенің, байланыстардың және сыртқы интерфейстердің 
басты компоненттерін блок-сызбаларды пайдалану пайдалы болуы 
мүмкін. 
Бұл 
қосалқы 
бөлім 
сондай-ақ 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың әртүрлі шектеулердің шеңберінде қалай қызмет 
ететіндігін сипаттауы тиіс.
«Өнімнің қызметі» - SRS-тің бұл қосалқы бөлімі, бағдарламалық 
қамсыздандыру орындайтын негізгі қызметтердің мәліметін білдіруі 
тиіс. Анықтықты қамтамасыз ету мақсатында: 
■ 
қызметтер, қызметтер тізімін тапсырыс берушіге немесе құжатты 
бірінші рет оқып отырған кез келген адамға түсінікті ететін тәсілмен 
ұйымдастырылуы тиіс; 
■ 
әртүрлі қызметтерді және олардың байланыстарын көрсету үшін 
мәтіндік немесе графикалық әдістер қолданыла алады. 
SRS-тің «Пайдаланушының сипаттамасы» қосалқы бөлімі, білімділік 
деңгейін, тәжірибесін және арнайы техникалық білімдерді қамтып, 
өнімді пайдаланушылардың жалпы сипаттамаларын сипаттап беруі тиіс. 
«Шектеулер» - SRS-тің бұл қосалқы бөлімі әзірлеушінің опцияларын 
шектейтін кез келген басқа позициялардың жалпы сипатын қамтамасыз 
етуі тиіс. Олар аппараттық шектеулерді, басқа қосымшалармен 
интерфейстерді, қатарлас операцияларды, бақылау функциясын
басқару функциясын және т.б. қамтиды. 
«Жорамалдар және тәуелділіктер» - SRS-тің бұл қосалқы бөлімінде 
SRS-те құрастырылған талаптарға әсер ететін барлық факторлар атап 
өтілуі тиіс. Бұл факторлар бағдарламалық қамсыздандырудың сәулеттік 


281 
шектеулері болып табылмайды, бұл ең дұрысы, олардың SRS-гі 
талаптарға әсер ете алатын кез келген өзгерістері. 
«Талаптарды үлестіру» қосалқы бөлімі жүйенің болашақ нұсқалары 
пайда болғанша кейінге қалдырылуы мүмкін талаптарды сәйкестендіруі 
тиіс.
«Арнайы талаптар» - SRS-тің бұл бөлімі бағдарламалық 
қамсыздандыруға қойылатын барлық талаптарды, жобалаушыларға осы 
талаптарды қанағаттандыратындай жүйені әзірлеуге мүмкіндік 
беретіндей, 
ал 
сынаушыларға 

жүйе 
осы 
талаптарды 
қанағаттандыратындығына көз жеткізетіндей талдап тексеру деңгейінде 
қамтуы 
тиіс. 
Осы 
бөлімде 
әрбір 
тұжырымдалған 
талап 
пайдаланушылармен, операторлармен немесе басқа сыртқы жүйелермен 
қабылдануы тиіс. Бұл талаптар кем дегенде, жүйеге әрбір кіріс әсерін 
(ынтасын), жүйенің әрбір шығыс сигналын (пікірін) және жүйемен кіріс 
әсеріне жауап ретінде орындалатын немесе шығыс сигналын қолдау 
үшін барлық функцияларды қамтуы тиіс. Арнайы талаптар барлық 
сипаттамаларға сәйкес тұжырымдалуы тиіс. Барлық талаптар бірдей 
сәйкестендірілуі тиіс.
Бұл 
бөлімде 
сыртқы 
интерфейстері 

бағдарламалық 
қамсыздандырудың барлық кіріс және шығыс деректері егжей-тегжейлі 
сипаты сипатталуы тиіс. Функционалдық талаптар, кіріс деректерін 
өңдеу кезінде және кіріс деректерін өңдеу және кіріс деректерін 
генерациялау кезінде бағдарламалық қамсыздандырумен орындалуы 
тиіс іргелі операцияларды анықтауы тиіс. 
Сондай-ақ, 
бағдарламалық 
қамсыздандыруға 
немесе 
пайдаланушының бағдарламалық қамсыздандырумен толықтай әрекет 
етуіне қойылатын статистикалық және динамикалық сандық 
сипаттамаларға талаптар анықталуы тиіс. Жекелеген қосалқы бөлімінде 
дерекқорда орналастырылуы тиіс кез келген ақпараттың логикасына 
қойылатын талаптарды анықтаған жөн.
Барлық жүйеге арнап белгіленген қолжетімділіктің деңгейін 
қамтамасыз ету үшін қажетті факторлар анықталуы тиіс, атап айтқанда: 
бақылау нүктесі, қалыпқа келтіру және қайта іске қосу, сондай-ақ 
бағдарламалық қамсыздандыруды кездейсоқ немесе арам ниетті 
кіруден, пайдаланудан, бұзудан немесе ашудан қорғайтын факторлар. 
Жинақылыққа - бағдарламалық қамсыздандыруды басқа машиналарға 
және/немесе операциялық жүйеге ауыстырудың қарапайымдылығына 
жататын бағдарламалық қамсыздандырудың атрибуттарына қойылатын 
талаптарды сипаттау қажет. 
«Қосымшалар» нақты SRS бөлігі ретінде үнемі қарастырылмайды 
және үнемі қажет емес. Олар мыналарды қамтуы мүмкін: 
■ 
кіріс/шығыс типтік форматтарын, өзіндік құн калькуляциясын 


282 
зерттеудің 
сипаты 
немесе 
пайдаланушылық 
сауалдардың 
нәтижелерін; 
■ 
SRS оқырмандарына көмектесуі мүмкін қосымша немесе алдын-ала 
ақпаратты; 
■ 
Бағдарламалық қамсыздандырумен шешілуі тиіс проблеманың 
сипаттамасын; 
■ 
Қорғаныс, экспорт, бастапқы жүктеу немесе басқа талаптарға 
сәйкестігін қамтамасыз ететін кодтар мен тасымалдағыштарға 
арналған арнайы командаларды. 
SRS-те қосымшаны іске қосу кезінде, бұл қосымшалардың 
талаптардың бір бөлігі деп саналуы тиіс пе, әлде жоқ па анық 
тұжырымдау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет