К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет182/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   195
Байланысты:
foreign 745

 
Бағалау процесінің моделі 
 
Р МемСТ ИСО/ХЭК 9126-93 стандартына сәйкес бағдарламалық 
қамсыздандырудың сапасын бағалау процесі үш кезеңнен тұрады: 
1) сапаға талаптар орнату (белгілеу); 
2) бағалауға даярлық; 
3) бағалау процедурасы. 
Аталмыш процесс, бағдарламалық қамсыздандырудың әрбір 
компоненті үшін өмірлік циклдың кез келген қолайлы фазасында 
қолданыла алады.
Бастапқы кезеңнің мақсаты сапа сипаттамасы терминдерінде 
талаптар және болжалды кешенді көрсеткіштер белгілеу болып 
табылады. Талаптар қарастырылып отырған бағдарламалық өнімге 
арналған сыртқы ортаның қажеттіліктерін көрсетеді және әзірлеуді 
бастауға дейін белгіленуі тиіс. Бағдарламалық өнім негізгі 
компоненттерге бөлінетін болғандықтан, өнімге қойылатын талаптар, 
жалпы алғанда, жекелеген компоненттерге қойылатын талаптардан 
өзгеше болуы мүмкін.
Екінші кезеңнің мақсаты бағалауға арналған негізді дайындау болып 
табылады. Бұл кезең метрикаларды таңдау, саралау деңгейін анықтау 
және бағалау белгілерін белгілеуден тұрады. 
С а п а ( к ө р с е т к і ш т е р і н і ң ) м е т р и к а л а р ы н т а ң д а у .
Сапа сипаттамалары анықталған тәсіл, олардың тікелей өлшеуіне жол 
бермейді. Метрикаларды (көрсеткіштерді) орнату қажеттілігі болады, 
олар бағдарламалық өнімнің сипаттамаларымен салыстырылады. Әрбір 
сандық белгі және әрбір бағдарламалық қамсыздандырудың, 
сипаттамамен салысытырылатын оның ортасымен сандық бағаланатын 
өзара әрекеттесуі, метрика (көрсеткіш) ретінде қабылдануы мүмкін.
Метрикалар ортасына және олар пайдаланылатын, әзірлеу 
процесінің фазаларына әртүрлі байланысты болуы мүмкін. Әзірлеу 
барысында қолданылатын метрикалар, пайдаланушының сәйкес 
метрикаларымен салыстырылуы тиіс, себебің пайдаланушының 
ұсынысындағы метрикалар шешуші болып табылады.


289 
С а р а л а у д е ң г е й л е р і н б е л г і л е у . Сандық белгілері сапа 
метрикасын пайдалану арқылы өлшенуі мүмкін. Нәтижесі, яғни 
өлшенген мәні, талаптарды қанағаттандыру деңгейін көрсетпейді. Бұл 
мақсатта шкала мәліметтері, талаптарды қанағаттандырудың әртүрлі 
дәрежелеріне сәйкес келетін диапазондарға бөлінулері тиіс. Сапа нақты 
қажеттілікке жатқызылғандықтан, саралаудың жалпы деңгейлері 
мүмкін емес. Олар әрбір нақты бағалауға белгіленулері тиіс.
Б а ғ а л а у б е л г і л е р і н б е л г і л е у . Өнімнің сапасын анықтау 
үшін әртүрлі сипаттамалардың бағалау нәтижелері алынуы тиіс. 
Бағалаушы ол үшін, мысалы, шешімдер кестесін немесе орта есеппен 
өлшенген кестелерді пайдалана отырып, процедураларды даярлау тиіс. 
Процедура әдетте, уақыт және құн сияқты басқа қырларды қамтиды, 
олар бағдарламалық өнімнің сапасын нақты пайдалану шарттарында 
бағалауға септігін тигізеді.
Бағалау процесі моделінің соңғы кезеңі (бағалау процедурасы) 
«өлшеу», «саралау» және «бағалау» деп аталатын үш кезеңдермен 
нақтыланады.
Өлшеу үшін таңдап алынған метрикалар бағдарламалық өнімге 
қолданылады. Нәтижесі метрика масштабындағы мәндер болып 
табылады.
Саралау кезеңінде өлшенген мәнге арналған саралау деңгейі 
белгіленеді.
Бағалау бағдарламалық қамсыздандыруды бағалау процесінің соңғы 
кезеңі болып табылады, онда белгіленген деңгейлердің көпшілігі 
қорытындыланады. Нәтижесі бағдарламалық өнімнің сапасы туралы 
қорытынды болып табылады. Содан кейін қорытылған сапа, уақыт және 
құн сияқты басқа факторлармен салыстырылады. 
Басшылықтың ақырғы шешімі басқарушылық белгісінің негізінде 
қабылданады. Нәтижесі, қабылдау немесе ақауға шығару, немесе 
бағдарламалық 
өнімді 
шығару 
немесе 
шығармау 
бойынша 
басшылықтың шешімі болып табылады.


290 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет