293 стандарттау және сертификаттау саласындағы келесі негізгі терминдер
мен олардың анықтамалары қабылданған.
Аккредиттеу- аккредиттеу органымен, жеке немесе заңды
тұлғаның сәйкестікті бағалаудың белгілі саласында жұмыс атқаруға
құзыреттілігін ресми түрде мойындау.
Қауіпсіздік - азаматтардың өміріне немесе денсаулығына, жеке
немесе заңды тұлғалардың мүлкіне, мелекеттік немесе муниципалды
мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі немесе
денсаулығына нұқсан келтірумен байланысты жол берілмейтін тәуекел
жоқ жағдай.
Сәйкестікті декларациялау - өнімнің техникалық регламенттердің
талаптарына сәйкестігін растау нысаны .
Сәйкестік туралы декларация - айналымға шығарылатын өнімнің
техникалық регламент талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.
Өтініш беруші - сәйкестікті міндетті түрде растауды жүзеге
асырушы жеке немесе заңды тұлға.
Сәйкестік белгісі - сатып алушыларды сертификаттау нысанының
ерікті сертификаттау жүйесінің талаптарына және ұлттық стандартқа
сәйкестігі ақпараттандыру үшін қызмет ететін белгі.
Өнімді сәйкестендіру- өнім сипаттамаларының оның маңызды
белгілеріне біркелкілігін орнату.
Техникалық регламент талаптарын сақтауды бақылау (қадағалау)- заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің өнімге, өндіріс
процестеріне, пайдалануға, сақтауға тасымалдауға, сатуға және кәдеге
жаратуға техникалық регламенттің талаптарын орындауын тексеру және
тексеру нәтижелері бойынша шаралар қолдану.
Сертификаттау органы - сертификаттау бойынша жұмыстарды
орындауға белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға немесе жеке
кәсіпкер.
Сәйкестікті бағалау - нысанға қойылатын талаптардың сақталуын
тікелей немесе жанама анықтау.