294
Сәйкестік сертификаты - нысанның техникалық регламент
талаптарына, стандарттардың ережелеріне немесе шарттардың
талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сертификаттау жүйесі - оның қатысушыларының сертификаттау
бойынша жұмыстарды орындау ережелерінің және жалпы алғанда
сертификаттау жүйесінің қызмет ету ережелерінің жиынтығы.
Стандарт - ерікті түрде және көп мәрте пайдалану мақсатында,
өнімнің сипаттамалары, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату
және кәдеге жарату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсетудің
процестерін жүзеге асыру ережелері және сипаттамалары белгіленетін
құжат. Сондай-ақ, стандартта символикаға, қаптамаға, таңбалауға
немесе зат белгілерге және оларды басу ережелеріне қойылатын
талаптар да қамтылуы мүмкін..
Стандарттау - көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер
және сипаттамалар белгiлеу арқылы өнім өндіру және айналымға
шығару саласындағы және өнiмнің, жұмыстың немесе көрсетiлетiн
қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ережелер мен
сипаттмалар белгілеу жөніндегі қызмет.
Техникалық реттеу - өнімге, өндіру, салу, монтаждау, баптау,
пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне,
қойылатын міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау
саласындағы сондай-ақ өнімге, өндіру, салу, монтаждау, баптау,
пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне
қойылатын талаптарды ерікті түрде белгілеу және қолдану саласындағы,
сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қатынастарды құқықтық
реттеу;
Достарыңызбен бөлісу: