34 техникалық басқаруды жүргізеді. Үлкен жобалар үшін жеке міндеттерге
жауап беретін қосалқы командалардың бірнеше жетекшілерін тарту
мүмкін.
Сәулетші жүйенің сәулетін жобалау үшін жауап береді, жобамен
байланысты жұмыстардың дамуына келісім алады.
Әзірлеуші жобаланатын компоненттерді іске асырады, өзіне тән
кластар мен әдістерді меңгереді және құрады, кодтау мен автономды
тестілеуді жүзеге асырады, өнімді құрады. Бұл кең ұғым арнайы
рөлдерге (мысалы, класс әзірлеушілеріне) ажыратылуы мүмкін. Нақты
жоба шеңберінде әзірлеушінің рөлі мысалы, бағдарламалық
қамсыздандыруды қосуды, өнімді немесе қызметті баптауды дегенді
білдіреді. Әзірлеуші барлық жобалық құжаттамаға, оның ішінде тестілеу
жөніндегі құжатқа қатынай алады, өзінің қызметтік міндеттемелерінің
шеңберінде жүйенің бағдарлама кодына өзгерту енгізуге құқығы бар.
Жобаның күрделілігіне байланысты команда әзірлеушілердің түрлі
санынан тұруы мүмкін.
Пайдалану интерфейсі жөніндегі маман жүйені қолдану қолайлы
болуы үшін жауапты. Тапсырыс берушімен пайдаланушы интерфейсі
талаптарды қанағаттандыратындығына куәландыру үшін жұмыс істейді.
Тестілеу жөніндегі маман өнімнің функционалдылығын, сапасы мен
тиімділігін тексереді, жобаны дамытудың әрбір фазасы үшін тестілер
құрады және орындайды, тестілеу стратегиясын, жобаның әрбір фазасы
үшін тест-талаптарды және тест-жоспарларды анықтайды, жүйені
тестілеуді орындайды, тестілеудің өтуі туралы есептерді жинайды және
талдайды. Тест-талаптар жүйелік талаптардың, функционалдық
сипаттамаларды, сенімділік пен жүктеме қабілетіне қойылатын
талаптарды, пайдаланушы интерфейстерін және бағдарлама кодының
өзін орнын басады. Нақты алғанда тестілеу жөніндегі маманның рөлі
көбінесе екіге – тестілерді әзірлеушіге және тестілеушіге бөлінеді.
Тестілеуші тестіні орындау және ақпаратты жинау жөніндегі барлық
жұмыстарды, тестілерді әзірлеуші – басқа қалған жұмыстарды
орындайды.
Енгізу және сүйемелдеу жөніндегі маман әзірленетін жүйені енгізуді
өткізу жоспарланып отырған тапсырыс берушінің алаңының
ерекшеліктеріне талдау жасайды, жүйені орнату және баптау жөніндегі
барлық жұмыс спектрін орындайды, пайдаланушыларды оқытады.
Қауіпсіздік жөніндегі маман құрылатын өнімнің қауіпсіздігі
мәселелерінің барлық спектріне жауапты. Оның жұмысы өнімге
қойылатын талаптарды жазуға қатысудан басталып, өнімді
сертификаттау қорытындылау сатысымен аяқталады.