42 ■
каскадты және инкрементті стратегиялардың артықшылықтарын іске
асыру.
Эволюциялық стратегияның оны таңдап алғанда туындайтын
кемшіліктеріне жатқызу қажет:
■
қажетті итерациялардың нақты санының белгісіздігі мен келесі
итерацияда әзірлеу процесін жалғастыру үшін белгілерін анықтау
қиындығы; бұл жүйенің немесе бағдарламалық құралдың соңғы
нұсқасын іске асырудың кідіртуі мүмкін;
■
жобаны жоспарлау мен басқарудың қиындығы;
■
пайдаланушылардың жобаға белсенді қатысу қажеттілігі, ол әрдайым
жүзеге аса бермейді;
■
қуатты аспаптық құралдар мен прототиптеу әдістеріне қажеттілік;
■
қиын проблемаларды шешуді келесі циклдарға жылжыту мүмкіндігі,
бұл
тапсырыс
берушінің
талаптарына
алынған
өнімнің
сәйкессіздігіне әкелуі мүмкін.
Эволюциялық стратегияның кемшіліктер қатары инкрементті
стратегияға да тән. Бұл стратегияны пайдалану біршама тиімді: ■
талаптар тым күрделі, ертерек белгілі емес немесе анықтап алуды
талап ететін жобаларды әзірлеу кезінде;
■
күрделі жобаларды әзірлеген кезде, оның ішінде:
✓ үлкен ұзақ мерзімді жобаларды;
✓ аналогтары жоқ БҚ немесе жүйелердің жаңасын жасау жөніндегі
жобаларды;
✓ тәуекелі орташа және жоғары дәрежелі жобаларды;
✓ концепцияны тексеру, техникалық жүзеге асуын көрсету
жобалары немесе аралық өнімдер үшін;
■
жаңа технологияларды қолданатын жобаларды әзірлеген кезде.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛЫНЫҢ КАСКАДТЫ МОДЕЛІ Каскадты модель жұмыстарды жүйемен ұйымдастыруды көздейді.
Бұл ретте ерекшелігінің негізі бүкіл әзірлемені сатыларға бөлу болып
табылады, оның ішінде бір сатыдан келесі сатыға өту тек алдыңғы
сатыдағы барлық жұмыстар аяқталғанда ғана мүмкін. Әрбір саты өзге
әзірлеушілер командасы әзірлеуді жалғастыра алатындай жеткілікті
құжаттаманың толық жиынтығын шығарумен аяқталады. Каскадты