40 бағдарламалау болып табылады.
БҚ және жүйелерді әзірлеудің бұл стратегиясы Microsoft
компаниясында қолданылады. Мұнда бағдарламалық құралдың әрбір
нұсқасына мыңға жуық инкремент әзірленеді. Инкрементті әзірлеу
кезеңі бір тәулікті (мысалы, күндіз инкремент әзірленеді, кешке
тестіленеді) құрайды. Бірқатар ұйымдарда инкрементті әзірлеудің
апталық мерзімі қолданылады (көбінесе бес күн - әзірлеу, екі күн -
тестілеу).
Инкрементті стратегияның негізгі жетістіктері оның тиісті
жобаны әзірлеу кезінде пайда болатын:
■
әрбір инкрементті іске асырғаннан кейін функционалдық өнімді алу
мүмкіндігі;
■
инкрементті жасаудың қысқа жалғасы; бұл бастапқы жеткізу
мерзімдерін қысқартады, бағдарламалық өнімнің алғашқы және
келесі жеткізілуіне жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік
береді;
■
белгілі бір инкрементті құру кезіндегі талаптардың тұрақтылығы
және өзгерген талаптарды есепке алу мүмкіндігі;
■
каскадты стратегиямен салыстырғанда тәуекелдің азаюы;
■
пайдаланушылар процесіне қосылу, ол әзірлеудің біршама бұрынғы
кезеңдерінде өнімнің функционалдық мүмкіндіктерін бағалауға
мүмкіндік беріп, бағдарламалық қамсыздандырудың сапасын арттырып,
сондай-ақ оны әзірлеуге жұмсалатын уақыт пен шығынды азайтуға
мүмкіндік беруі болып табылады.
Инкрементті стратегияның негізгі кемшіліктеріне жатқызуға болады:
■
жүйенің немесе бағдарламалық құралдың өмірлік циклының басында
инкременттерді жоспарлау мен жобаны басқаруды қамтамасыз ету
үшін толық функционалдылығын толық анықтау қажеттілігі;
■
жұмыстарды жоспарлау мен бөлудің күрделілігі;
■
қиын проблемаларды кейінгі инкременттерге жылжыту үрдісіне
байланысты адами фактордың туындауы, бұл бағдарламалық
өнімнің сапасын төмендетіп немесе жұмыс кестесін бұзуы мүмкін.
Бұл стратегияны қолдану біршама тиімді: ■
жобаларды әзірлеу кезінде мұнда көптеген талаптарды бұрынырақ
қалыптастыруға болады (бірақ, олардың кейбіреуі белгілі бір уақыт
аралығынан кейін анықталуы мүмкін);
■
нарыққа негізгі функционалдық қасиеттері бар өнімді жылдам
жеткізу қажеттілігі;
■
тәуекел деңгейі төмен немесе орташа жобаларды әзірлеу.