2.2.
43
модельдің сыртқы көрінісін есепке ала отырып, оны сарқырамалы
моделі деп те атайды.
Каскадты модельдің пайда болған он жылы ішінде жұмыстарды
сатыларға бөлу және осы сатыларға атау беру өзгерген жоқ. Сонымен
қатар, біршама ақылға қонымды әдістемелер мен стандарттар нақты
сатыларға белгілі бір жұмыстарды әдейі қоюдан алыс болды. Сонда да,
тақырыптық салаға байланысты емес әзірлеудің тұрақты сатыларының
қатарын бөліп көрсетуге болады (2.1-сурет).
Бірінші сатыда проблеманы зерделеу жүргізіледі, мұнда тапсырыс
берушінің барлық талаптарының анық қойылуы шешіледі.
Бұл сатыда алынатын нәтиже барлық мүдделі тараптармен келісілген
техникалық тапсырма (әзірлеуге арналған тапсырма) болып табылады.
Екінші сатыда техникалық тапсырмада анықталып берілген барлық
талаптарды қанағаттандыратын жобалық шешімдер әзірленеді. Бұл
сатының нәтижесі жобаны іске асыруға қажетті барлық қажетті
деректерден тұратын жобалық құжаттама жиынтығы болып табылады.
Үшінші саты - жобаны іске асыру. Мұнда бағдарламалық
қамсыздандыруды алдыңғы сатыда алынған жобалық шешімдеріне
сәйкес әзірлеу (кодтау) жүзеге асырылады. Іске асыру үшін
қолданылатын әдістер қатаң қабылданған мәнінде емес. Бұл сатының
нәтижесі дайын бағдарламалық өнім болып табылады.
2.1-сурет. БҚ өмірлік циклының каскадты моделі
44
Тестілеу сатысында алынған бағдарламалық қамсыздандыруды
техникалық тапсырыста көрсетілген талаптарға сәйкестікке тексеру
жүргізіледі. Тәжірибелік пайдалану ақпараттық жүйенің жұмысының
нақты жағдайларында көрінетін жасырын неше түрлі кемшіліктерді
анықтауға мүмкіндік береді.
Соңғы саты - дайын жобаны тапсыру. Бұл сатының басты міндеті -
тапсырыс берушіге барлық оның талаптары толық көлемде
орындалғандығын дәлелдеп, көз жеткізу.
Модельдің барлық қадамдарында қажеттілігіне орай қосалқы және
ұйымдастыру процестері орындалады, мысалы жобаны басқару, сапаны
қамтамасыз ету, анықтап тексеру, аттестаттау, конфигурацияны
басқару, құжаттау.
Модель қадамдарын аяқтау нәтижелері әзірлеудің аралық өнімдері
болып табылады, олар келесі қадамдарда өзгере алмайды және
бағдарламалық құралдың нұсқасы ретінде тапсырыс берушіге
тапсырылмайды.
Классикалық каскадты модель әзірлеудің каскадты стратегиясына
тән барлық жетістіктерге және кемшіліктерге ие.
Каскадты модельдің бірқатар оң жақтары бар, оның негізінде өзін
түрлі инженерлік әзірлемелерді орындау кезінде жақсы көрсетіп,
кеңінен таралу ауқымына ие болды. Оның негізгі құндылықтарын қарап
шығайық.
Әрбір сатыда толықтылық және келісімділік белгілеріне жауап
беретін жобалық құжаттаманың аяқталған жиынтығы қалыптасады.
Қорытынды сатыларында да ақпараттық жүйенің стандарттармен
көзделген барлық қамсыздандыру түрін (ұйымдастыру, әдістемелік,
ақпараттық, бағдарламалық, аппараттық) қамтитын пайдаланушы
құжаттамасы әзірленеді.
Логикалық жүйемен орындалатын жұмыс сатылары аяқтау
мерзімдерін және тиісті шығындарды жоспарлауға мүмкіндік береді.
Каскадты модель түрлі текті инженерлік міндеттерді шешу үшін
әзірленген және қазіргі уақытқа дейін қолданбалы аясы үшін өзінің
мәнін жойған жоқ. Сонымен қатар, каскадты тәсіл белгілі бір
бағдарламалық өнімдерді әзірлеу кезінде өзін жақсы ұсына білді. Яғни,
әзірлеудің ең басында әзірлеушілерге ең жақсы техникалық жағынан
алғанда барлық талаптарды толық және жеткілікті дәреже дәл
қалыптастыруға болатын бағдарламалық жүйелер айтылады. Мұндай
жүйелерге көбінесе күрделі есептеу жүйелері, нақты уақыттың
жүйелерін жатқызады.
|