74
жобалау мен олардың арасындағы өзара байланысты сияқты, осы
бағдарламалар немесе қосалқы бағдарламалар өзара байланысатын
деректердің жобалауын қамтиды.
Сонымен бірге, жобалаудың екі қырын ажырату қабылданған:
1) логикалық жобалау, олар болашақ бағдарламалық өнімнің жұмыс
істеу ортасын қамтитын техникалық
және бағдарламалық
құралдарға тікелей байланысты емес жобалау операцияларын
қамтиды;
2) физикалық жобалау, нақты техникалық және бағдарламалық жұмыс
істеу құралдарына байланысады.
Жобалау әдістемесі, технологиясы мен аспаптық құралдары кез
келген бағдарламалық өнім жобасының негізін құрайды.
Әдістеме
нақты технологиялар мен оларды қолдайтын стандарттар, өмірлік
циклдағы процестердің орындалуын қамтамасыз ететін әдістемелер мен
аспаптық құралдар арқылы іске асады.
Жобалау
технологиясы
жобалаудың
технологиялық
операцияларының және оларды жобаны әзірлеуге әкелетін өзара
байланысының
жиынтығы
ретінде
айқындалады.
Жобалау
технологиясын үш құрамдас бөлшектердің жиынтығы ретінде көрсетуге
болады:
1) жобалаудың
технологиялық
операцияларының
бірізділігін
анықтайтын қадамдық процедуралар;
2) технологиялық операцияларды орындау нәтижелерін бағалау үшін
қолданылатын белгілер мен ережелер;
3)
жобаланатын
бағдарламалық
жүйенің
сипаттамасы
үшін
қолданылатын нұсқаулар (графикалық және мәтіндік құралдар).
Нақты ұйымда және нақты жобада бағдарламалық өнімді
жобалаудың, әзірлеудің және қолдаудың кез келген технологиясының
нақты қолданылуы әзірлеушілер ұстануы тиіс бірқатар стандарттарды
(ережелерді,
келісімдерді)
жасаусыз
мүмкін
емес.
Мұндай
стандарттарға жобалау стандарты, жобалық құжаттаманы рәсімдеу
стандарты, пайдаланушы интерфейсінің стандарты жатады.
Таңдап алынатын жобалау технологиясына
қойылатын негізгі
талаптар:
■
бұл технологияның көмегімен құрылған жоба тапсырыс берушінің
талаптарына жауап беруі тиіс;
■
таңдап алынған технология жобаның ӨЦ барлық сатыларын
максималды түрде көрс
етуі тиіс;
■
таңдап алынатын технология жобаны жобалауға және қолдауға
жұмсалатын құн шығындары мен минималды еңбек шығындарын
қамтамасыз етуі тиіс;
75
■
технология жобаны жобалау мен қолдау арасындағы байланыс негізі
болуы тиіс;
■
технология жобалаушының еңбек өнімділігінің артуына ықпал етуі
тиіс;
■
технология жобаны жобалау және пайдалану процесінің сенімділігін
қамтамасыз етуі тиіс;
■
технология жобалық құжаттаманы қарапайым жүргізуге ықпал етуі
тиіс.
Бағдарламалық қамсыздандыруды жобалау технологиясының мәнін,
негізгі айрықша технологиялық ерекшеліктерін анықтайтын әдістеме
құрауы тиіс. Әдістеме нақты технологиялар мен оларды қолдайтын
стандарттар, өмірлік циклдың процестерінің орындалуын қамтамасыз
ететін әдістемелер мен аспаптық құралдары арқылы іске асырылады.
Жобалау
әдістемесі
кейбір
тұжырымдамалардың,
жобалау
қағидаттарының, жобалауды іске асыратын әдістердің жиынтығының
болуын болжайды, олар өз кезегінде
кейбір жобалау құралдарымен
сүйемелденуі керек.
Бағдарламалық қамсыздандыруды жобалау әдістерін жіктеуге
болады.
Автоматтандырылу дәрежесіне қарай жобалау әдістері мына
әдістерге бөлінеді:
■
қолмен жобалау, мұнда БӨ компоненттерін жобалау аспаптық
бағдарламалық құралдарды қолданусыз, ал
бағдарламалау -
алгоритм тілдерінде қолданусыз жүзеге асырылады;
■
компьютерлік жобалау, ол арнайы аспаптық бағдарламалық
құралдарды
қолдану
негізінде
жобалық
шешімдердің
конфигурациясын (бапталуын) немесе қосылуын жүргізеді.
Типтік жобалық шешімдерді қолдану дәрежесіне қарай келесі
жобалар әдістерін ажыратады:
■
түпнұсқалық ерекше (жеке) жобалау, мұнда жобалық шешімдер
бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптарға сәйкес
«нөлден» бастап әзірленеді. Түпнұсқалық
жобалау бағдарламалық
қамсыздандыруды барлық жобалық жұмыстардың түрлері әрбір
жоба нысандары үшін жеке оның барлық ерекшеліктерін барынша
көрсете алатындай құруға бағдарлануы керектігімен сипатталады;
■
типтік жобалау, БӨ конфигурациясын дайын типтік жобалық
шешімдерден (бағдарламалық модульдерден) болжайды. Типтік
жобалау жеке жобаларды әзірлеу кезінде алынған тәжірибе негізінде
орындалады, типтік жобалар кейбір ұйымдасқан-экономикалық
жүйелердің топтары немесе нақты жағдайда жұмыс түрлері үшін
кқптеген өзіне тән ерекшеліктерімен байланысқан және