73
етеді. Пайдаланушылар прототиппен тәжірибе жасап көре алады, ол БӨ
қалай жұмыс істейтіндігін тексеруге мүмкіндік береді. Олар өнімнің
әлсіз және күшті жақтарын анықтай алады, оның нәтижесінде жаңа
талаптарды құруға болады.
Прототип бұрын қабылданған талаптарда
кеткен кемшіліктер мен
қателерді анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, бағдарламалық
қамсыздандырудың талаптарында анықталған кейбір
функцияларды
пайдаланушылар басында маңызды және қажет деп санауы мүмкін,
алайда осы функцияларды қолдану процесінде олар туралы пікірі
өзгереді. Нәтижесінде БҚ
қойылатын талаптары өзгереді, БӨ
функцияларын пайдаланушы жаңа қырынан түсіне бастайды.
Прототиптеуді жоспарлау сатысында тәуекелдерді талдау кезінде
қолдануға болады. Бағдарламалық өнімді әзірлеу кезіндегі жаңа қауіп
талаптардағы қателер мен жіберілген кемшіліктер болып табылады.
Талаптардағы қателерді жоюға жұмсалатын шығындар әзірлеу
процесінің кейінірек сатыларында өте жоғары болуы мүмкін.
Прототиптеу жүйені әзірлеудің жалпы құнын да азайтады. Осы
себептеріне қарай оларды талаптарды
әзірлеу процесінде жиі
қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: