91 БАҒДАРЛАМАНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ СХЕМАСЫ Бағдарламалық қамсыздандыруды жобалау процесі бағдарламалық
жүйенің құрылымдық компоненттері мен олардың арасындағы
байланысты анықтауды қамтиды. Құрылымды анықтап алу нәтижесі
түрлі схемалар түрінде берілуі мүмкін, ол жобаланатын бағдарламалық
қамсыздандыру туралы біршама толық түсінік береді.
Схемалар түрлі егжей-тегжей деңгейлерінде қолданылуы мүмкін,
мұнда деңгейлердің саны деректерді өңдеу міндеттерінің көлемі мен
күрделілігіне байланысты болады. Егжей-тегжей деңгейі түрлі бөліктер
мен жалпы арасындағы өзара байланыс түсінікті болатындай болуы
керек.
Функционалды схема -
бағдарламалық
қамсыздандыру
компоненттерінің ақпараттық ағындарының сипаттамасымен өзара
байланыс схемасы, деректердің ағындағы құрамы мен қолданылатын
файлдар және құрылғылардың көрсетілуімен.
Функционалды схемаларды көрсету үшін стандартпен белгіленген
(МемСТ
19.701-90)
арнайы
шартты
белгілерді
қолданады.
Функционалдық схемалардың барлық компоненттері сипатталуы тиіс
(4.2-кесте).
4.2-кесте. Алгоритмдердің негізгі блоктарының графикалық шартты белгілері
Атауы
Графикалық шартты атауы
Тағайындалуы
Терминатор
Символ сыртқы ортаға
шығуды және ішкі ортаға
кіруді
көрсетеді
(бағдарлама схемасының
басы немесе соңы, сыртқы
қолдану мен деректер көзі
немесе тармағы)
Деректер
Символ
деректерді
көрсетеді,
деректер
тасымалдағышы
анықталмаған
Тіке қатынайтын есте
сақтаушы құрылғы
Символ тіке қатынаумен
есте сақтау құрылғысында
сақталатын (магнитті
дискі, магнитті барабан,
икемді магнитті дискі)
деректерді көрсетеді