96
құрамдас бөлігі болып табылады.
Нысандар
мұрагерлік ету, инкапсуляция және полиморфизм
қасиеттеріне ие.
Мұрагерлік ету деректер мен әдістерді қосу немесе қайта анықтау
мүмкіндігімен қолданыстары деректер
мен әдістер негізінде жаңа
кластарды құруды білдіреді.
Инкапсуляцияны өзінің ішкі іске асыру нысандарын жасыру
мүмкіндігі ретінде анықтауға болады.
Полиморфизм кластың бірден артық
типке тиесілілік қабілеті
ретінде анықтауға болады.
Нысанға бағытталған жүйе бастапқыдан оның эволюциясын есепке
алумен құрылады. Мұрагерлік ету мен полиморфизм туынды кластарды
- базалық класс ұрпақтарын құру көмегімен кластардың жаңа
функционалдылығын
анықтау
мүмкіндігін
қамтамасыз
етеді.
Ұрпақтары түпкі кластардың өзгеріссіз
алғашқы сипаттамасын алады
да, қажет болғанда деректер мен әдістердің жеке құрылымдарын қосады.
Туынды кластарды анықтау, мұнда
тек айырмашылықтары немесе
анықтап алу беріледі, ол көбінесе өндіріс кезінде уақыт пен күшті
үнемдейді және бағдарламалық код
пен сипаттаманы қолданғанда
беріледі.
Нысанға бағытталған тәсілдің тұжырымдамалық негізі нысанды
модель болып табылады, оның негізгі элементтері - бұл:
■
дерексіздендіру;
■
инкапсуляция;
■
модульділік;
■
иерархия.
Дерексіздендіру (абстракция) модельге өзінің мақсатты тағайындау
немесе өзінің функцияларын жүйенің орындауына тікелей қатынасы бар
жобаланатын жүйенің аспектілерін қосуды болжайды. Бұл ретте барлық
қосалқы бөлшектер түсіріледі, олар алынған
модельді талдау және
зерттеу процесін тым қиындатпау үшін қажет (осылайша, мысалы,
тұрғын үйді жобалаған кезде оның ішкі қабырғаларын желімдеу үшін
түсқағаздарды іріктеп алуға алаңдаудың қажеті жоқ).
Инкапсуляция оның құрылысы мен жүріс-тұрысын анықтайтын
нысанының элементтерін ашуды болжайды.
Инкапсуляция ережесі -
сенімділікті қамтамасыз ету үшін нысан өрістерінің өзіне тіке
қатынаудың
қажет жоқ, оқу және олардың мазмұнын жаңарту тиісті
әдістерді шақыру арқылы жүргізілуі тиіс.
Инкапсуляция дәне
дерексіздендіру - өзара толықтырылатын ұғымдар: дерексіздендіру