Лекция тақырыбы: Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ ат-тауарих» шығармасының тілі


Жалаиридің Қасым қаласындағы зираты туралы деректер



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата29.11.2022
өлшемі489,03 Kb.
#53614
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
LJYSYXHEYFDV28112022142831

Жалаиридің Қасым қаласындағы зираты туралы деректер 
Қадырғали Жалаиридің сүйегі — сонау Мәскеуден 280 шақырым аралықта 
орналасқан Қасым қаласында. Ол — Ока өзенінің бойындағы, ертеден бар қала. Бұл қала 
мешеряктар (ел) қаласы деп саналатын. Шығыс халықтары «Кермен» деп кеткен. Бұл — 
жақсы бекіністі қала. 1265 жылы осы қалада Александр Невский қайтыс болған. Ал, 1471 
жылдан бастап Қазаннан барған бір сұлтанның есімімен Қасым қаласы, немесе Қасым 
хандығы, деп аталып кеткен. 
Орыс зерттеушілері Е.В.Михайловский, И.В.Ильенко «Рязань. Касимов» атты 
кітапта мынадай мәліметтер ұсынады: «Город стоит на левом берегу Оки на высоких 
холмах, изрезанных оврагами. Река изгибается в этом месте в виде большой петли и имеет 
ширину около 380 м. 
Как выглядел город в XV в., сейчас представить трудно. Но известно, что вокруг его 
деревянной крепости, ограниченной с севера и юга глубокими оврагами, до сих пор 
существующими, располага- лись слободы: за южным оврагом на Татарской горе — 
Татарская, дальше, по направлению к речке Бабенке и старому Городцу, — Пушкарская и 
с восточной стороны вдоль дороги на Владимир вытя- нулась Ямская. От этого времени в 
городе сохранилось лишь одно сооружение — толстая круглая башня-минарет, которая 
была возведена вместе с мечетью вблизи дворца царевича Касима в 1467 г. на Татарской 
горе. Все постройки, как и минарет, были сложены из известняковых блоков. 
Мечеть по указу Петра I в 1702 г. была разобрана, но минарет остался. Долго 
татарам не давали восстановить ее. Только в 1768 г. после разрешения Екатерины II 
мечеть стали строить вновь из бе- лого камня на старом основании. Остатки этой древней 
кладки видны в нижней части ее первого эта- жа; в XIX в. над ней был надстроен из 
кирпича второй этаж с большими прямоугольными окнами... 
Вблизи мечети стоит м а в з о л е й (по-татарски — текие) Шах-Али-хана, 
построенный в 1555 г. Это небольшое сооружение простой прямоугольной формы с 
низким белокаменным сводом тоже сложено из блоков известняка... 
Третий памятник татарской архитектуры — мавзолей Авган-Мухаммед-
султана построен в 1649 г. на татарском кладбище, раскинувшемся с южной стороны 


речки Бабенки, на восточной ок- раине Старого посада, где жило в XVII в. почти только 
русское население. 
В 1622 г. хивинский хан Ильбарс-султан отправил младшего брата Авган-
Мухаммед-султана к старшему брату Хабаш-султану, чтобы тот умертвил его. Но Хабаш-
султан сжалился над одиннадца- тилетним мальчиком, и Авган-султан тайно был вывезен 
из Хивы русским послом к московскому царю, где нашел защиту и получил образование. 
Позже он получил Касимовский удел «в кормление» и до своей смерти служил русскому 
царю. Умер Авган мухаммед-султан в Москве в 1648 г. Его жена Алтын-ханым перевезла 
его в Касимов и построила здесь над его могилой мавзолей — небольшое прямоугольное 
сводчатое здание из кирпича. Оно украшено тесаными деталями и рельефными изразцами, 
покрытыми желтой, зеленой и коричневой глазурью» [18; 204, 205]. 
Қасым қаласына баба әруағына тәу етіп барушылар онда мұражай ашылғанын зор 
қуанышпен хабарлайды. Шығыстанушы, профессор Сайлау Батырашұлы «Қадырғали 
Жалайыри зираты Ресейдің Рязань облысындағы Қасымов қаласында жатыр» деген 
мақаласында осы деректі былайша нақтылай түседі: «Осы уақытқа дейін Қадырғали бидің 
жатқан жері белгісіз болып келді. Соны анықтау үшін 2005 жылы 15–20 қазан күндері 
халықаралық «Кадырғали би Жалайыри» қоры ұйымдастырған арнайы топ Мәскеуге және 
Ресейдің Рязань облысындағы Қасымов қаласына іссапармен барып қайтты. Топ 
кұрамында Д.А.Қонаев атындағы университеттің ректоры Өмірәлі Қопабаев, Сыртқы 
істер министрінің кеңесшісі қызметін атқаратын, осы жолдардың авторы және көне 
қолжазбалар маманы Шафиғи Мақсұт болды. 
Арнайы ұйымдастырылған сапардың негізгі мақсаты — XVI ғасырда өмір сүріп, 
түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының сол дәуірдегі ата тарихын хатқа 
түсіріп, артына өшпес мұра қалдырған тарихшы, ғұлама Қадырғали би Қосымұлы 
Жалайыридың (1530–1605) жерленген орнын тауып, анықтау болды. Сонымен бірге 
Ресейдегі Мәскеу, Рязань мұрағат қорларынан осы тұлғаның өміріне қатысты және 
қалдырған мұрасы жайлы деректер мен мағлұматтарды жинау еді... 
XV ғасырда бұл жер Мәскеу князьдігінің құрамына енеді. Мәскеу князі Василий II 
Қазан ханзадасы Қасымның құрметіне бұл қаланың атын «Касим қаласы» деп өзгертіп, 
Мәскеу князьдігінің шығыс жақ шетінде, орыс патшасының қолтығының астындағы 
«Қасым хандығын» құрады. 1471 жылы қала ресми түрде «Касимов» болып аталады. 
Содан бері де талай замандар өтіп, қала өзгеріп өсіп, Ока өзенінің жоғарғы жағына карай 
ауысады. Ал ескі қоныстағы («Старый посад») мұсылмандар зираты сыртта қалады. XX 
ғасырдың басына дейін осы зиратта көптеген құлпытастардың болғаны туралы жазбалар 
және көзі көрген адамдар бар. Бір деректе 20-жылдары осы құлпытастардың ішіндегі 
Қадырғали би Жалайридің аты жазылған тасты жергілікті тұрғынның қорасынан көргенін 
зерттеуші жазған. Бірақ ол тастың кейінгі тағдыры белгісіз. 
Бұл зират ұзақ уақыт қоршаусыз, қорғаусыз қалғандықтан, әлгі айтылған 
құлпытастардың қазір көбісі жоғалып біткен. Кеңес Одағы уақытысында дінмен күресеміз 
деген сылтаумен Қасым хаңдығындағы мұсылман мешіттері қиратылған. Зираттың үстіне 
шөп шығып, ол жерлер мал жайылымына айналып кеткен. Дегенмен, бұл орында 
тарихтың куәсіндей болып белгі қалыпты. Ол — Авган мұхаммед сұлтанның кесенесі. 
Мұны жергілікті татарлар текие деп атайды екен. 
Авган мұхаммед XVII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Хиуа ханы Араб-
Мұхаммед ханың баласы. 1621 жылы Хиуада таққа таласу күресінде Араб-Мұхаммед хан 
жеңіліп, басына ауыр күн туған кезде 11 жасар Авган-сұлтанды орыстың өкілі аманатқа 
алып кеткен. Ер жеткен Авган- сұлтан Мәскеу патшасына қызмет етеді. Ол 1648 жылы 
қайтыс болады. Сұлтанның мәйітін әйелі Алтын-ханым Қасымов қаласына алып келіп, 
жерлейді. Басына қызыл кірпіштен салынған кесене тұрғызады. Сол заманда Ресей 
аумағында тұратын белгілі мұсылмандар, бектер, сұлтандар о дүниелік болғанда, 
жерлейтін жері Қасым хандығының орталығы болатын. 


Біз көне жазбаларға, архив материалдарына және естіп, білген мағлұматтарымызға 
сүйене отырып, Қадырғали би Қосымұлы Жалайыри осы қорымда жерленгені анық деген 
байламға келдік. Бұл тұжырымды Рязань облыстық мұрағат директоры Татьяна 
Синельникова, Қасым хандығын зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты 
Александр Беляков, Қасымов қаласы өлкетану мұражайының директоры Марина 
Горожанова да мақұлдады. Ендеше, осы жерге белгі тас қоюға тура келді. Бірақ тағы да 
ойланатын мәселе туды. Сонда ескерткіш тасты зираттың қай жеріне қоямыз? Ақыры 
құлпытасты кесененің ішіне Авган-сұлтанның және 5 ханзадалардың құлпытастары 
қатарына қойғанымыз жөн болар деген байламға келіп, ұсынысымызды жергілікті билікке 
жеткіздік. Қала басшылары, мұсылмандар имамы М.Сейфоллаұлы мұны бірауыздан 
құптады. Олардың айтуынша, ескерткішті жасап қою үшін кемінде жарты айға жуық 
уақыт керек. Бізде үш тәулік қана уақыт қалған. Сондықтан топ мүшелері олардың бұл 
ұсыныстарын мақұл көріп, жұмысты тапсырып кетейік деді. Алайда жұмысшыларға артық 
ақша төлеп, мен күн, түн демей жұмылып, ескерткішті бабамыздың басына қойып, бір-ақ 
елге қайтамыз деген талап қойдым. Мұны білген Қасымов қаласының Дума депутаты 
Сергей Васин және коммуналдық шаруашылықтың бастығы 20-дан астам инженер, 
жұмысшы, шеберлері бар құрылыс бригадасын тәулік бойы жұмыс істетті. Тас туралы 
әңгіме болғанда Алматының мәрмәрі немесі гавр әкеліп қойсақ деген ойда болғанбыз. 
Сөйтсек, осы жерде Ока өзенінің бойынан бозғылт түсті ақ тасты құрылыс материалы 
ескерткішке пайдаланады екен. Қалада тас өңдейтін зауыт және бірнеше шеберхана бар. 
Біз де осы тастан ескерткіш жасауды жөн көріп, аталмыш зауытқа барып, үлкен, салмағы 
жарты тоннадан асатын тасты кестіріп алдық. Оны кесененің ішіне апарып 
кіргізіп, Авган сұлтанның құлпытасының қабырға жақ қатарына дәл сондай етіп 
орнаттық. Ақ тастың бетіне Құран Кәрімнен: «Бисмиллаһи Ар-Рахмани Ар-Рахим» деп 
жаздық, ал төменірек араб және қазақ әрпімен «Қадырғали би Қосымұлы Жалайыри». 
1530–1605. Құлпытасты қойған «Қадырғали Жалайыри» қоры. Қазақстан. 20.10.2005» 
дедік [2; 4]. 
Сонымен, ұзақ жылдар бойы жүргізілген ізденістердің нәтижесінде Қадырғали 
Жалаиридің Қасым қаласында жерленгені, қашан және қалай қайтыс болғаны белгілі 
болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет