білдірген. Оның мәнін жойған патшалық өкімет қой. Демек, біздің Қадырғали би бабамыз
кезінде Сібір хандығын жайлаған халықтың ішінде ел билеушісі болған. Қадырғали
Жалаири — қазақ халқының деңгейін көрсететін биіктік. Оның заманында халықтың
санасы да күшті еді. Мен оның есімін Алматыдағы ұлттық кітапханаға беру қажет деп
есептеймін», — деген ұсыныс жасады [3; 16].
Келешекте ұлы бабамыз Жалаиридің «Жамиғ ат-Тауарих» еңбегі әлі де
толық зерттеулерді қажет етеді. Өйткені бұл туынды — тұнып тұрған байлық. XIІ
ғасырдың басынан бергі қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайларын зерделей білген
Қадырғали бабамыздың есімі алдағы уақытта жарқырата көрсетуге тұрарлық есім.
Сөз соңында айтарымыз, қайткен күнде де Қадырғали би Қосымұлы Жалаири сынды
ұлы ғұламаларымыздың бар екенін бағалай білейік, ағайын!
Достарыңызбен бөлісу: